ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет420/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

карл густав 
Юнг
(1875-1966) болды. Басында ол өз ұстазының негізгі идеяларын 
жан ұшыра жақтаушы болды. Кейіннен оның санадан тыс әрекеттерге 
қатысты көзқарастары өзгерді.
Өзіне емделуге келушілердің ұйқыдағы түстеріне талдау жасай келе, 
ол олардың түстерінде ертедегі ата-бабаларының аңыз-ертегілеріндегі 
мифологиялық кейіпкерлердің бейнелерінің көрініс беретіні туралы 
қорытындыға келеді. Олай болса, санадан тыс жеке әрекетпен қатар, 
психикада 
«санадан тыс ұжымдық әрекеттер» 
де бар. Егер «сана-
дан тыс жеке әрекет» адамның өмір тәжірибесінен келіп шығатын, 
ығыстырылған немесе ұмыт болған күйзелістер мен құмарлықтарды 
құраса, ал «санадан тыс ұжымдық әрекет» жалпыадамдық тәжірибені 
қамтиды. Оның үстіне, одан адамзаттың көпмыңжылдық тәжірибесін 
ғана емес, сонымен қатар адамға дейінгі жан-жануарлар тіршілігінің 
іздерін де көруге болады. Батырлардың, Отан-Ананың, ақсақал-
данышпандардың, жындардың және басқаларының бейнелері ауық-
ауық адамдардың түстерінде көрініс береді. К.Юнг оларды 
«архетип-
тер»
(ең ежелгі тұрпат) деп атайды. Бұл бейнелер нақты мазмұнмен 
толықпаған және тек 
нышан-пішін
түрі бар, алайда тұлға өзінің дербес 
өмір тәжірибесіне байланысты оларды нақты мазмұнмен толықтыра 
алады. Әрбір халық өзінің қайталанбас, тілде, салт-ғұрыптар мен 
дәстүрлерде бөлшектенетін өмір тәжірибесінен өтетіндіктен, архе-
типтер де ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Халықтың көптеген дәстүрлері 
жоғалған жағдайда да, олар адамның өзіндік дүниетанымын құра оты-
рып, генетикалық механизмдер арқылы берілуге қабілетті.
Сөйтіп, егер Фрейдке санадан тыс әрекет «микроәлемін» тал-
дау еңбегі тиесілі болса, ал Юнг санадан тыс әрекетті зерттей келе
оның жекелеген тұрпаттық құрылымдарының (архетиптерінің) және 
мәдениеттерге ортақ құрылымдардың немесе бейнелердің өзара 
ұқсастығын көрсетті.


282
«Архетип»
ұғымына Юнг мынадай түсініктеме береді: бұл – әлдебір 
«байырғы бейне», онда «санадан тыс ұжымдық әрекеттің мазмұны 
санада айқын көрсетілген бейімділік және орныққан пікір арқылы 
берілген». Көбінесе жеке адамға олар сыртқы факторлармен байланыс-
ты болып көрінеді, ал олар «жанның санадан тыс құрылымынан» бола-
ды. «Санадан тыс ұжымдық әрекеттің» бұл үстемдігі тәжірибелерден 
бұрын болған және объективтік деректерден жоғары тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет