химия ғылымының химиялық деңгейде өмірдің пайда болуының алдында материяның
өздігінен қалыптасуын және күрделенуін көрсете отырып,
әлемнің бағдарсыз бейнесін түсінуге өз үлесін қосқанын айта аламыз.
Бүгінгі таңда адамзат химия ғылымына үлкен үміт артады.
Энергетикалық дағдарысқа байланысты сутегін өнеркәсіптік деңгейде
өндіру мақсатында судың фотолизін жүзеге асыру міндеті тұр.
Сутегі – экологиялық таза отын, ал оның табиғи қорлары іс жүзінде
шектеусіз екенін айта аламыз. Егер адамзат бұл міндетті іске асыра
алса, онда қазіргі заманғы өркениеттің қандай биіктерге көтерілетінін
елестетудің өзі қиын. Көмірқышқыл газдардан барлық мүмкін болатын
органикалық материалдарды өндіру – химияның басты міндеттерінің
бірі болып табылады. Ал, ақыр соңында, химиктердің маңызды
мәселесі қоршаған ортаны тазарту мақсатында өндіріс қалдықтарын
өңдеу болмақ.