384
етіп, сол арқылы діннің «адамды Құдай өзіне ұқсатып жаратты» дейтін
негізгі постулатын терістеді.
Әлбетте, өмірдің әртүрлі, әлі де көп құпияны сақтап отырған
формаларының күрделілігі эволюциялық теорияға сенімсіздікпен
қарайтын ғалымдардың болуына келтіреді. Кезінде М.Лютер атап
көрсеткендей, «егер Құдайды білгің келсе, жай ғана бір биттің
ішін ашып көр». Алайда бүгінгі таңда жер бетіндегі өмірдің осын-
дай әртүрлілігін түсіндіріп бере алатын балама теория туған жоқ.
Керісінше, биологияда терең тамырланған эволюция идеясы ғылымның
басқа салаларына да кең тарап жатыр.
Қазіргі заманғы физика әлемнің «Үлкен жарылыс» нәтижесінде
пайда болғанына және миллиардтаған жылдар бойы қалыптасудың,
күрделенудің әртүрлі сатыларынан өте келе, химиялық үдерістерді
және соларға байланысты химиялық қосылыстарды туғыза отырып,
өмірдің өзінің пайда болуының алғышарттарын құрғанына сендіреді.
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы биологияның түрлі-түрлі салала-
рында ашылған жаңалықтарды қорыта және жүйеге келтіре отырып,
өмірдің әртүрлі формаларын түсіндірудің теориялық негізі болады.
Эволюциялық теория жанды табиғаттың әртүрлілігін екі фактор-
мен:
Достарыңызбен бөлісу: