өзгергіштікпен және жаңадан ие болған қасиеттердің
табиғи іріктелуі, тұқым қуалаушылығы арқылы ғана түсіндіреді. Олар
келесі ережелерден шығады:
а)
жан-жануарлардың кез келгендерінің ішінде бір немесе басқа түрі өзгерістерге ұшырайды. Оны әрбір елгезек, зейінді адам байқай алады; ә)
кейбір өзгерістердің генетикалық сипаты болады, ал кейбіреулері өзгермелі қоршаған ортаға бейімделу нәтижесінде пайда болады; б)
ересек кезде тудырушылық жағдайға жеткендерге қарағанда, дүниеге келіп жататын организмдердің саны қашанда басым. Кейбір организмдер өмір жағдайларына төтеп бере алмай, тиісті уақытқа жетпей, өліп жатады. Тек өмірге бейім, өзгеріп жататын болмысқа бейімделуге қабілетті даралар ғана өздерін сақтап қала алады. Жаңадан ие болған қасиеттерін ол тұқымқуалаушылық, мұрагерлік жолмен өз ұрпақтарына қалдырады. Жануарлар тобында бір түрлердің ұзақ уақыт өмір сүруінің (по-
пуляция) эволюциялық үдерістері механизмдері ерекше айқын
көрінеді. Бір немесе басқа табынның ішінде бір жануарлардың еркін
және, сонымен қатар кездейсоқ будандасатынын көреміз. Біздің ой-
толғаныстарымыз осы жерге келгенде: «