ғылым философиясы – 1) өзінің негізгі мәселесі ретінде ғылымды
эпистемологиялық (танымдық) және әлеуметтік-мәдени құбылыс
ретінде таңдайтын философиялық бағыт; 2) нысанасы ғылым болып
табылатын арнаулы философиялық пән (бұл термин алғаш рет неміс
философы және экономисі Евгений Дюрингтің 1878 жылы шыққан
«Ғылым логикасы және философиясы» деген еңбегінде пайда болған).
Дедуктивизм – соған сәйкес ғылыми білімді және оның дұрыс
көрсетілуін дәлелдеудің жалғыз әдісі дедукция болып табылатын
әдістемелік тұжырымдама; оның түсінілуі: 1) жалпыдан жалқыға
көшу деп; 2) немесе ойдың іргелі және қарапайым ұғымдарынан
туынды және күрделірек түрлеріне қарай құрылымдық қозғалыс
ретінде (құрылымдық-генетикалық әдіс); 3) немесе бастапқы (жалпы-
лама, дерексіз), нысанды біржақты көрсететін қарама-қайшылықтан
нақты (жан-жақты немесе көпжақты) қарама-қайшылыққа оның
жетілген күйінің бейнесі сияқты диалектикалық «өту» (Гегельдің
диалектикалық дедукциясы); 4) немесе салдарларға (сондай-ақ
ортақтық пен мазмұнның кез келген дәрежесіне) жолдаудан шығатын
кез келген қажетті қисынды қорытынды.