ғылымның даму заңдылықтары – қолдан жасалу сипаты-
на қарамастан, ғылымның жүйе ретінде бірқатар объективтік
даму заңдылықтары бар. Олардың аса маңыздылары: 1) үзіліссіз-
дискреттік сипат (оның сапалы секірістері, когнитивтік мазмұнының,
құрылымының және әлеуметтік-мәдени қызметтерінің революциялық
өзгерістері бар дамуында эволюциялық кезеңдердің алмасып отыруы
(бұл тұтас ғылымның өзінің де, оның жекелеген салалары мен тео-
рияларына да қатысты); 2) ғылыми мағлұматтың, ғалымдар саны мен
ғылымға жұмсалатын материалдық шығындардың экспоненциалдық
өсуі; 3) білімдік және институттік көзқарас бойынша ғылым құры-
лымын күрделендіру; 4) ғылымның мәдениет жүйесінде, әсіресе
материалдық қызмет және т.б. саласында салыстырмалы салмағының
артуы.