Сабақ №1 Тақырыбы: Адам ағзасының даму ерекшелігі. Антропометрлік көрсеткіштер.Өсу мен даму заңдылықтары



бет1/46
Дата14.12.2021
өлшемі1,18 Mb.
#126337
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Fiziologia


Практикалық сабақ №1
Тақырыбы: Адам ағзасының даму ерекшелігі. Антропометрлік көрсеткіштер.Өсу мен даму заңдылықтары.

Мақсаты: Адам ағзасының даму ерекшеліктері және гигиенасымен танысу. Антропометрлік көрсеткіштердің анықтау әдісін меңгеру;

Құрал-жабдықтар:медициналық таразы, бой өлшегіш, динамометр(қол және арқа бұлшық еттерінің күшін өлшейтін), сантиметрлік таспа, сызғыш.

Физикалық даму - әрбір жас кезеңдегі анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерді көрсететін биологиялық процесс. Бала организміндегі үнемі морфологиялық және физиологиялы қтерең өзгерістер жүріп отырады және мүшелер мен жүйелердің өсу және жетілу қарқыны бірдей болмайды. Өсу және жетілу процестерінің бір қалыпты жүрмеу және функционалдық дамудың толық аяқталмауы организмнің сыртқы орта өзгерістеріне қорғанышын төмендетеді. Әсіресе бала тәрбиесінің гигиеналық талаптарға сәйкес келмеуі әр түрлі аурулар және жағымсыз өзгерістер туғызуы мүмкін. Балалар организмі дұрыс өсіп жетілуін қамтамасыз ету, денсаулығын сақтап нығайту – оқу және тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюдың негізгі кепілі.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:


  1. Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни біркелкі емес.

  2. Мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсуі мен дамуының қарқындылығы әртүрлі.

  3. Өсу мен даму баланың жасына байланысты.

  4. Функциялық мүшелер жүйесі мен мүшелер қызметтерінің биологиялық беріктілігі.

  5. Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайына тәуелділігі.

  6. Өсу мен дамудың акселерациясы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет