Жұмыстың барысы
Антропометриялық өлшемдерді жүргізу.
Р – дене салмағы. Дене салмағын медициналық таразымен өлшейді.
1 – бойдың ұзындығы. Дененің ұзындығын бой өлшегішпен анықтайды.
Бойды тұрған күйде аяқ киімсіз өлшейді. Бала бой өлшегіштің платформасында қолдарын түсіріп, дененің үш нүктесімен: өкшемен, бөксемен, жауырын аралығымен планкаға жанасып тік тұрады. Баланың басы көз шарасының жоғары шеті мен құлақ қалқанының жоғары шетін қосатын көлденең сызықтың деңгейінде болуы керек. Бой өлшегіштің планметкасын баланың төбесімен жанастырып төмен түсіріп, ақ шкала бойымен оның төменгі деңгейін анықтаймыз.
Кеуде қуысының шеңберін өлшшегенде сантиметрлік таспа дененің артында жауырынның төменгі бұрышының деңгейінде, ал алдыңғы жақта 4-ші жұп қабырғаның төстікке бекитін деңгейінде орналасуы қажет. Кеуде қуысының шеңбері ү. ж. дем алу және дем шығару кезінде өлшенеді. Дем алу мен дем шығару арасындағы айырмашылық кеуде қуысының экскурсиясы деп аталады. Ол ер балаларда 6-8см, қыз балаларда 3-6 см болады.
Т-қалыпты жағдайдағы кеуде қуысының шеңбері.
Т1- дем алған кездегі кеуде қуысының шеңбері.
Т2- дем шығарған кездегі кеуде қуысының шеңбері.
Динамаметрия – қол басы бұлшықеттерінің және арқа жазатын бұлшықеттерінің күшін анықтайтын әдіс.
d – қол басының күші. Қолды тік деңгейде жазып ұстап, динамаметрді саусақтарымен қатты қысу керек. Өлшеу 3 рет қайталанады да, ең жоғарғы көрсеткіші есепке алынады. Қол күшінің орта көрсеткіші ер балалар үшін 40-45 кг, қыздар үшін 30-35 кг.
S – орта бұлшықеттерінің күші. Динамаметрдің платформасының екі аяқпен басып, тізені бүкпей екі қолды тізенің деңгейінде ұстап құралдың тұтқасын жоғары тартып, арқаны біртіндеп жазу керек.
Арқа бұлшықеттерінің күші ер балаларда 130-150кг, ал қыз балаларда 100-120кг болады.
Спирометрия. Бұл әдістің көмегімен өкпенің тіршілік сиымдылығын (Ө.Т.С.) анықтауға болады. Оны арнаулы спирометр арқылы өлшейді. Спирометрдің екі түрі бар: құрғақ және су құйылатын. Су құйылатын спирометр металдан жасалған спирометр іші қуыс бір-біріне салынған екі цилиндрден тұрады. Өкпенің тіршілік сиымдылығын терең дем алғанда ауаны арнаулы резина түтік арқылы дем шығарып спирометрді ішкі цилиндрінің көтерілу мөлшері бойынша анықтайды.
Спирометрия – тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайын анықтайтын ең қолайлы әдіс.
Өкпенің тіршілік сиымдылығының орта көрсеткіштері: ер балаларда – 3500-5000 см ³, қыз балаларда – 2500-3000 см³.
Адамның жынысына, бойына және кеуде қуысының шеңберіне қарай қалыпты салмағының көрсеткіштері (профессор А.А. Покровский бойынша)
Бой
|
Ерлердің қалыпты
салмағы (кг)
|
Бой
|
Әйелдердің қалыпты салмағы
|
|
Қысың
қы
көкірек
клеткасы
|
Қалып
ты көкірек
клетка
сы
|
Кең
көкірек клетка
сы
|
|
Қысыңқы
көкірек
клеткасы
|
Қалып
ты көкірек
клетка
сы
|
Кең
көкірек клетка
сы
|
156,0
|
49,3
|
56,0
|
62,2
|
152,5
|
47,8
|
54,0
|
52,0
|
157,5
|
51,7
|
58,0
|
34,0
|
155,5
|
49,2
|
55,2
|
61,6
|
160,0
|
53,5
|
60,0
|
66,0
|
157,5
|
50,8
|
57,0
|
63,1
|
162,5
|
55,3
|
61,7
|
68,0
|
160,0
|
5,1
|
58,5
|
64,8
|
165,0
|
57,1
|
63,5
|
69,5
|
162,5
|
53,8
|
60,1
|
66,3
|
167,5
|
59,3
|
65,8
|
71,8
|
165,0
|
55,3
|
61,8
|
67,8
|
170,0
|
60,5
|
67,8
|
73,8
|
167,5
|
56,6
|
63,0
|
69,0
|
172,5
|
63,3
|
69,7
|
76,8
|
170,9
|
57,8
|
64,0
|
70,0
|
175,0
|
65,3
|
71,7
|
77,8
|
172,5
|
59,0
|
65,2
|
71,2
|
177,5
|
67,3
|
73,8
|
79,8
|
175,0
|
60,3
|
66,5
|
72,5
|
180,0
|
68,9
|
75,2
|
81,2
|
177,5
|
61,5
|
67,7
|
73,7
|
182,5
|
70,9
|
77,2
|
83,6
|
180,0
|
62,7
|
62,9
|
74,9
|
185,0
|
72,8
|
79,2
|
85,2
|
|
|
|
|
Адам жынысына бойына сәйкес қалыпты дене салмағының формуласы:
Бой (см) · 4
Ерлер үшін =│————— - 128│. 0,453
2,54
Бой (см) ·3,5
Әйелдер үшін =│————— - 128│. 0,453
2,54
Бақылау сұрақтары:
Физикалық даму дегеніміз не?
Физикалық дамудың көрсеткіштері?
Физикалық дамуға әсер ететін факторлар?
Өсу мен дамудың заңдылықтары?
Акселерация дегеніміз не?
Жас кезеңдерін ата?
Практикалық сабақ №2
Тақырыбы: Тірек қимыл аппаратының құрылысы және маңызы.
Мақсаты:Балардың дене дамуы мен сүйектену процесін анықтау.
«Скелет» деген термин гректің скелло - кептірілген деген сөзінен шыққан. Скелет - бүкіл организмнің тірегі. Скелеттің жеке бөліктері ми, жүрек, өкпе т.б. сияқты маңызды органдарды қорғап тұрады. Сүйек системасы ет системасымен үйлесе отырып, адамның қозғалыс органдарын құрады, мұнда сүйектер өзіне бекітілген еттердің көмегімен қозғалып тұратын рычагтар болып табылады. Нерв системасы еттердің жиырылып отыруына себепші болады.
Сүйек тканінің химиялық құрамына адамның бүкіл өмірі бойында, тіпті қартайғанға дейін,өзгеріс болып отырады. Балалардың сүйек тканінде кальций және фосфор тұздары өте аз болады. Балалардың сүйегінде кальций тұздары аз, ал органикалық элементтер көп болып, сүйектену процестері әлі аяқталмағандықтан, олардың скелеті өте иілгіш оңай қисайғыш келеді. 12 жас шамасында балалардың тканінің құрылысы ересек адамдікіндей болады.
Достарыңызбен бөлісу: |