- Мұқағали Мақатаевтің өмірі жайында
- мәліметтер бере отырып, шығармашылығына
- шолу жасау;
- 2. Оқушылардың бойында талдау жасау, суреттеу,
- сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз қорларын молайту;
- 3. Оқушыларды елжандылық, эстетикалық және
- ұлттық құндылықтарды сіңіру, ұжымдық
- шығармашылыққа тәрбиелеу.
- Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
- «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!» – деп, туған
- жері мен елін жырға қосқан, қазақ поэзиясының
- Биік белеске көтерген ақиық ақын.
- Әкесі – Сүлеймен,
- Анасы – Нағима.
- Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шалкөлде ауылында дүниеге келген.
- Ауылдық кеңестің хатшысы;
- Қызыл отау меңгерушісі;
- Мектеп мұғалімі;
- Комсомол қызметкері;
- Газет саласында...
- Мұқағали Мақатаев – 9 сынып оқушысы. 1947 жыл.
- Ақынның ауылда орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жүрген кезінен естелік
- Мұқағалидың Қазақ радиосында диктор болып жүрген кезі
- Ақынның анасы – Нағиман Батанқызы
- Мұқағали мезгілсіз қазаға ұшыраған сүйікті қызы Майгүлмен (сол жақта) бірге
- Ақынның жары Лашын, қызы Алмагүл, ұлы Айбар
- ОТАН;
- Туған жер;
- Туған ел тағдыры;
- Қоғамдағы өзгерістер;
- Адамдар арманы;
- Мөлдір махаббат.
- «Армысыңдар, достар!»;
- «Қарлығашым келдің бе?»;
- «Мавр»;
- «Аққулар ұйықтағанда»;
- «Шуағым менің».
- №140 М. Мақатаев атындағы мектеп-гимназиясы
- Қазақ ақын-жазушылары мен ел адамдары Мұқағалидың туған жеріндегі мұражайының ашылу салтанатында
- Мұқағали Мақатаевқа арналған мұражай
- « Қайырлы түн »
- Қайырлы түн!
- Жер — Анам,
- Көк аспанды жамыл да,
- Таңға дейін дін аман,
- Тәтті ұйқыда дамылда.
- Орманың да шуламасын,
- Суларың да туламасын.
- Ақ басты ала тауларың да,
- Күңіренбесін, жыламасын.
- Шамыңды өшір,
- Түсіре ғой пердеңді,
- Қайырлы түн, алып Жер!
- Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді,
- Таптамасын танктер.
-
- Қайырлы түн,
- Көк аспан,
- Алып жерді төсен де,
- Таңға дейін тәтті ұйқыда толаста,
- Ұшырама кеселге.
- Қайырлы түн,
- Ақ аспан,
- Алып жерді төсен де,
- Боз көрпеңді айқара жап иыққа.
- Сенің нұрың тыныштықпен жарасқан.
- Қайырлы түн, ұйықта!
- Шашу болып жұлдыздарың шашылды,
- Айың келіп ақ мойыныңа асылды.
- Шәйіге орап әлдилесін Құс жолы,
- Тыныштық деп аталатын ұлды..
- Тапсырмалар:
- 1. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын өзі сөздерімен түсіндіріп беруге тырысыңдар.
- 2. Өлеңді ақын тілегін қарасөзбен жазып шығыңдар.
- 3. «Бейбітшілік пен тыныштық – біздің басты тілегіміз» атты тақырыпта шағын шығарма жазыңдар.
- Қара өлең
- Қалқам, Мен Лермонтов, Пушкин де емес, Есенинмін демедім ешкімге мен, Қазақтың қара өлеңі - құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
- Жат жерді жастанғанда жазатайым, Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым. ...Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын, Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
- Түзу-түзу тілінген таспадайын, Қамшы өремін таспадан басқадайын. Қаламасаң қамшымды аулақ жүргін. Қараша үйдің есігін ашпа, ағайын!
- Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өзі айтқанын қайталадым. ...Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...
- Тапсырмалар:
- Өлеңді мінерлеп оқыңдар.
- Қалай ойлайсыңдар, өлең неге «Қара өлең» деп алатады? Қара өлең туралы не білесіңдер?
- Ақын сөз өнерге қалай бағалайтынын қандай жолдар арқылы білдіреді?
- Елім барда He сыйлайды, не береді келер күн?! Неде болса тірі тұрсам көрермін. Желідегі құлынымын мен елдің, Көгендегі қозысымын мен елдің.
- He сыйласын, несін берсін ел маған?! Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман. Таулар - менің таусылмайтын баытым, Ал ырысым - ұланғайыр кең далам.
- He істемекпін алтын, гауһар, жақұтты, Оларды іздеп өткізбеспін уақытты, Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Туған елім болса екен бақытты.
- Дәнеңе де сыйламасын келер күн. Сый көрмей - ақ суалармын, сөнермін. Туған елім түғырында тұрса екен, Әрі қарай... Әрі қарай көрермін...
- Тапсырмалар:
- Өлеңді мәнерлеп оқып, тақырыбын анықтаңдар.
- Ақын «елім» деген сөзге қандай ұғымдар сыйғызған?
- «Менің елім» тақырыбына эссе жазыңдар.
- Анау - аспан, мынау - бақ,
- Анау - аспан, мынау - бақ, Аспанда бұлт, бақ жадау. Мамық ұшты, қылаулап, Қыс та келіп қалған-ау.
- Аспан, жердің арасын. Дәрігер-қыс алуда. Табиғаттың жарасын Ақ дәкемен таңуда.
- Тоңдырып ап мандайын Тағы көйлек сұрап жүр. Бақты кезіп, тал-қайың, Жалаң аяқ жылап жүр.
- Қу бұтағын құшақтап, Түксиеді кәрі емен. ...Қыс - тазалық, қыс - аппақ, Әрі өкініш, әрі өлең...
- Тапсырмалар:
- Ақын өлеңін лериканың қан түріне жатқызуға болады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
- Өлеңде ақын қандай теңеулерді қолданған? Ақын өлеңіндегі қыс қандай?
- «Ел» , «аспан», «бақ» сөздеріне бесжолды өлең құрастырып көріңдер.
- ІІ. Үй тапсырмасы:
- а) 163 бет (2 тапсырма)
- ә) 164 бет (3,4 тапсырма)
Достарыңызбен бөлісу: |