Скелеттің сүйектену процесі. Бала өскен сайын оның омыртқа жотасы біртіндеп сүйектене береді. 14-15 жасқс келгенде омыртқа жотасында сүйектенудің жаңа нүктелері пайда бола бастайды. 18 жасқа дейінгі жас өспірімдердің омыртқа жотасының көлденең және сүйір өсінділерінің төбелері де шеміршек күйінде қалып қояды. Сүйектену процесі 20-22 жаста аяқталады.
Бала мен жасөспірімнің омыртқа жотасының дамуының бұл ерекшеліктері дене дұрыс тұрмаған жағдайда және ұзақ уақыт, әсіресе біржақты, күш түскенде оның сүйегінің қисайып кету мүмкіндігін көрсетеді.
Атап айтқанда, омыртқа жотасының қисаюы орындықта немесе партада дұрыс отырмаған жағдайда, баланың бойына сәйкес келмеген жағдайда, ұзақ уақыт бүкшейіп, бір қырынан жатып ұйықтағанда және т.б. болады.
Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігін жасынан бастап дұрыс гигиеналық талапқа лайықтап ұйымдастырған жөн. Бүгуге қатысатын бұлшық еттері әлсіз және олардың қозғалыс нейрондарының еңбек қабілеті төмен болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балалар сурет салу, сабақ оқу кездерінде 4-5 минуттан кейін-ақ мазасыздана бастайды, дұрыс отырмайды да омыртқалары да қисайып кетеді. Әсіресе ұзақ уақыт түрегеліп тұра алмайды. Сондықтан балаларды 2-3 минуттан артық тік тұрғызып тұруға болмайды.
Сондай-ақ балалар мен жас өспірімдердің бұлшық мен қимылының дамуының жоғарыдағы айтылған ерекшеліктерінен бір қатар гигиеналық талаптар келіп туады; ол, бір жағынан, олардың ет системасын қорғауға, ал екінші жақтан, оның дамуы мен нығаюына, қойылатын талаптар.
Балалар мен жасөспірімдердің бұлшық еттерінің тез шаршап қалатындығын және олардың жеткілікті дәрежеде жаттықпағандығын ескере отырып, ұзақ уақыттық және шамадан тыс дене еңбегімен айналысудан аулақ болу керек. Бұл мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға ғана қатысты емес, сонымен қатар орта мектептердің сыныптарында оқитын жас өспірімдерге де қатысты.
Жұмыс кезінде толып жатқан және алуан түрлі еттер іске қосылатын дене еңбегі – жеке органдарының жетілуінің және адамның жарасымды дамуының міндетті шарты. Алайда, етке шамадан тыс күш түсіру, егер олар ұзаққа созылса, бүкіл организмнің тіршілік қызметіне зиянды әсер етіп, жүрек, өкпе т.б. органдарын ауруға ұшырату мүмкін. Омы сияқты етке шамадан тыс ұзақ уақыт шамадан күш түсу жағдайында жүрек едәуір тез жұмыс істейді де, жүректің еті шаршайды. Рояльда ойнау, тігін тігу және жазу жазудан қол басының еттеріне ұзақ уақыт күш түсу кейде жазу тырыспағы деген атпен белгілі қолдың еттері қатты ауыратын ауруға ұшыратады. Осының барлығын балалар оқу тәрбие жұмысын жүргізгенде ескеру керек.
Жекелген ет топтарының жеткіліксіз жұмыс істеуі де организмге жағымсыз әсер етеді. Үзіліссіз, жақсы демалыссыз, бүкіл организмнің жаттығулармен салыстырғанда мәні зор, дегенмен ол жаттығулар балалардың бұл кезеңдегі дене шынықтыруының негізгі түрі болып табылмайды. Тек орта және жоғары мектеп жасындағы гимнастика мен спорт жас өспірімдер арасында дене шынықтырудың негізі болып табылады, бұл кезде ет және нерв системалары бұл сияқты жаттығулар үшін жеткілікті дәрежеде дамыған болады. Балалар мен жас өспірімдер арасында дене шынықтыру мәселесін шешкен кезде, тек сүйек және ет системаларының ерекшеліктерін ғана ескеру жеткіліксіз. Бұл жағынан алғанда жүрек тамыры системасының ерекшеліктері зор маңызға ие. Организм дамуының барлық факторларын есептеу ғана оқу тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруды және балалар мен жас өспірімдер арасында жеке бастың гигиенасы бойынша жүргізілетін шараларды қамтамасыз ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |