гераклит диалектиканың – қозғалыс пен даму туралы ілімнің негізін қалады
деуге болады.
Сәл кейініректе Гераклиттің адамның ішкі дүние-әлеміне қатысты
идеяларын
сократ (б.з.д. 470-399 жж.) зерттеген. Ол жеткілікті
дәрежеде жұмбақ адам болатын. Ол туралы замандастарының тым
қарама-қайшы естеліктері қалған: «Аристофанның «Бұлттарында» ол –
жалған данышпан-сопылардың бірі, ал Ксенофанның естеліктерінде –
заңға құлықты, салт-жораларды және өз елінің Құдайларын құрмет-
тейтін, жастардың ұстазы болса, Платон үшін – ешкім тең келмейтін
данышпан.
Сопылардың: «Адам – барлық заттардың өлшемі», – дейтін тұжы-
рымымен келісе отырып, Сократ адамға қатысты бұл тұжырымды
өмір тауқыметі еңсесін басқан нақты бір адамға емес, текті бір тірі
тіршілік иесіне жатқызады.