адам мәселесін ол өз философиясының
түпқазығына айналдырады. Оның ойы бойынша, адамның денесі
болғанмен, ондағы басты нәрсе – жан. Өз заманының адамдары-
на қаратып, олардың бірінші орынға денсаулықты, байлықты және
басқа да адамға қажетті заттарды қоятынын айтты, ал сол уақытта
бірінші кезекте адамдар жандарының тазалығын ойлауға тиіс еді
ғой. Сократтың пайымдауынша, жақсылық – білімдерде, ал жаман-
дық – надандықта. Адам неге жамандық жасайды? – Білместіктен. Егер
ол бұның жамандық екенін білсе, олай істемеген болар еді. Ізгілік –
жақсылықты білу, батылдық – ол қауіп төнген сәтте не істеу керектігін
білу, әділеттілік – ол азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынастары
47
туралы білу және т.б. Бірақ адамның білімге жетуі – қиын жол, адам
жаны тәрбиені қажет етеді.
Бұл жол Сократтың