«мемлекет», «заңдар», «сократтың апологиясы», «парменид» және басқалары. Платонның көзқарастарының қалып-
тасуына Сократтан басқа: Әлемнің мәңгі қалыптасуы туралы идеяла-
рымен Гераклит; мүлтіксіз, ақылға қонымды Болмысымен Парменид
және математикалық идеяларымен Пифагор оң ықпал етті.
Философия саласында Платон іске асырған
төңкеріс – оның
идея - лар әлемін ашуы болды, өйткені жер бетіндегі: сезіммен ашылатын,
ағымдық, тұрақсыз дүние оны қанағаттандырмады. Бұл жерде ба-
сты мәселе –
түсініктердің және заттардың өздерінің сәйкессіздігі айқын көрінді. Міне, сондықтан да бізге ұлы Абай: «Адам бол!» –
деді. Былайша айтқанда, бәріміз де – адамбыз. Бірақ тән мен қаннан
жаралған адамның жақсы қасиеттерімен қатар, әрдайым Адам
ұғымына толықтай сай келе бермейтін біршама кемшіліктері де бар.
Сол себепті Платон ұғымдардың шығатын қайнар көзі – шынайы бол-
мыста, яғни идеялар әлемінде деп жорамалдады. Демек, екі әлем бар:
бірі – жер бетіндегі материалдық, өтпелі, залалды, ал екіншісі – мәңгі,
өзгермейтін, жетілген, мүлтіксіз мақсат-мұратқа сай. Платонның ойы
бойынша, идеялар заттардың терең