әлдебір мұрат-мақсатқа сай
әлемді
құратын
ұғымдар
туралы болып отыр. Платонның еңбегін одан кейін
ғана
түсінік-ұғымдардың
, олардың табиғатының, бір-бірімен өзара
әрекеттесуінің ерекше егжей-тегжейлілікпен зерттеле бастағанынан
көруге болады.
Платонның
таным теориясына
келсек, онда оның негізінде
анам
-
нез
(грекше – anamnesis – еске түсіру) жатыр. Адам тәннен және жаннан
тұрады. Бірақ жан жердікі емес, ол идеялар Әлемінен шыққан. Жерге,
яғни нақты бір адамның денесіне түсіп, ол көгілдір аспанның шексіз-
шетсіз көкжиектеріне тұңғиық тереңнен көз сүзетін тұтқынды еске
түсіреді. Мысалы, оқушы бір математикалық есепті шығарып отыр
дейік. Ол зердесіне күш салады, ал егер оның жаны идеялар әлемінде
математикалық теңбе-теңдіктердің қалай болғанын еске түсірсе, онда
оқушының басына есептің шешімі келе қалады.
Сезімдік таным көбіне-көп алдамшы, өйткені бұл тән әлемінің өзі
тұрақсыз, өтпелі. Сондықтан Платон оны
докса
(грекше doxa – пікір)
деп атайды. Бірақ, егер сезімдік тәжірибенің деректері түсініктерге
негізделсе, онда ғылым қақпалары (грекше episteme – жазу, ғылым)
ашылады.
Алайда бізді идеялар әлемімен жақындастыратын ғылым ғана емес.
Одан да әлеуеттірек күш бар – ол
Достарыңызбен бөлісу: |