ақыл-оймен шектелген ләззат. Олай болса, онда оған үйрену ке-
рек. Адам біржақтылықтан азат болуға және «ортаңғы жолды» таба
білуге тиіс, еш нәрсе де шектен аспауы керек. Мысалы, батылдық
ессіз батырлық пен қорқақтықтың арасындағы, ал жомарттық –
ысырапшылдық пен сараңдықтың арасындағы бірдеңе.
Аристотель
адамға «zoon politicon» –
«саяси хайуан» деген
анықтама береді, өйткені адам бұл дүниеде жападан-жалғыз тіршілік
ете алмайды. Сол себепті мемлекет адамдардың бірлескен тіршілік
қарекеті жолындағы қажеттілік іспетті пайда болады. Аристотель
мемлекетті жеке меншік пен еркіндікпен ұштастырады. Сондықтан
құлдар мемлекеттің азаматтары бола алмайды. Құлдық мәселесінде
данышпан Аристотель де өз заманының шектерінен шыға алмады,
өйткені әрбір адам – өз дәуірінің ұрпағы.
Платон жеке меншікке қарсы болса, ал Аристотель сол үшін қол
көтереді. «Меншіктің орасан зор пайдасын айтпағанның өзінде,
оның болуының өзі адамды өзгеше рақат сезімге бөлейді, – деп
сендіреді ол. Алайда байлық иеленуші адам жомарттық көрсетуге,
кіріптарларға жәрдемдесуге тиіс, олай болмаған жағдайда қоғам
өзінің орнықтылығынан айырылып қалуы мүмкін». Аристотель
қоғам