«Эврика! Эврика!» («Таптым! Таптым!») – деп айғайлаған бойы
далаға жүгіріп шығады. Содан кейін ол тәждің салмағындай алтын
кесегін тауып алып, оны су толтырылған ыдысқа батырады да, қанша
судың арнасынан асып төгілгенін белгілеп алады. Тәжді де солай
тексереді. Бұл жолы су көбірек төгіледі. Сөйтіп, ол тәждің таза алтын-
нан жасалмағанын анықтайды, өйткені алтын кесегінің салмағындай
болғанмен, оның көлемі үлкендеу еді, демек, құрамында жеңіл
металдың қоспасы бар.
Бұл Архимедтің өзі ашқан жаңалықтарының бірі болды:
әртүрлі материалдардың өздеріне тән салмақ күштері бар. «Тұйық бет және цилиндр туралы» деген трактатында Архимед өзіне
тән екі әдісті: көбінесе түгесу (тауысу) әдісі деп аталатын үйлесімдік
әдісін және фигуралардың аудандары мен көлемдерін табуға мүмкіндік
беретін қисынсыздыққа келтіру (reduction ad absurdum) әдісін ұсынды.
Бұл мәселеге ол «Шеңбер өлшемі туралы» деген еңбегін де арнаған.
Статика мен гидростатика «Жазықтықтардың тепе-теңдігі туралы»,
«Жүзіп жүретін денелер туралы», «Механикалық теоремалар туралы»
еңбектерінде көрініс тапса, «Құм қиыршықтарын санау» трактаты
арифметикалық әдістерге арналған.
Архимед еңбектерінің осы қысқа тізбесінің өзі-ақ оның антика
әлемінде қандай алып болғанын көрсетеді. Бір таңғаларлығы, оның
математикалық еңбектері антика заманында аса танылмады. Әртүрлі
механизмдерді ойлап тапқаны – оны үлкен даңққа бөледі. Біздің
заманымыздың IX-X ғасырларында оның еңбектері араб тіліне, ал XII
ғасырда араб тілінен латын тіліне аударылды.
Антика дәуірінің ең атақты астрономы