68
салықтар жүйесін күштеп таңды. Басқыншылардың жазалаушы
көздерінен ешкім де таса қалмады. Тек жергілікті ақсүйектер ғана
салыстырмалы түрде белгілі бір шамада тәуелсіздіктерін сақтай
алды, бірақ оларды халықтың тағдыры толғандырмады. Сезімдік
ләззаттардан жол іздеп, олар рақат өмірге берілді. Ал Рим аристокра-
тиясы ештеңеге де араласпады.
Сырттай
барлығы жақсы көрінгенмен, экономикалық және саяси
дағдарыс жағдайдың аса қиын екенінен хабар беріп, құлиеленушілік
құрылыстың тиімсіздігін көрсетті. Оған рухани дағдарыс: ырым-
шылдықтарға сенудің және көзбояушылықтардың адам айтқысыз
көбеюі, терең скептицизм (шүбәланушылық), түңілу,
бірдеңені өз
күшімен өзгертудің мүмкін екендігіне сенбеушілік қосылды.
Бұл дағдарыс әсіресе Рим провинцияларының бірі – Иудей-
де өзін ерекше қырынан көрсетті. Қиын да ұзақ күресте қол жеткен
мемлекеттілік римдік басқыншылық нәтижесінде құрып тынды. Ал
вавилондық және мысырлық тұтқыннан кейін бұл өзгеше қайғылы
жағдайға жеткізді: қоғамды толық ашыну, күйіну жайлады.
Бұндай
көңіл күйі еврей халқының мессияға – Рим билігінің құтқарушысына
деген сенімімен үйлесім тапты.
Алайда жаңа идеологияға аластатылғандар мен езілгендер ғана зәру
емес-тін. Оған деген қажеттілікті әлеуметтік билеушілер де сезінді,
өйткені жалпы дағдарыс нәтижесінде олар да тарихи жоспарлардан,
ертеңгі күнге деген сенімнен ажырап қалды. Апаттан енді адамдар да,
Олимп құдайлары да, тіпті ұлттық тәңірлер де құтқармайтынын олар
түсінді. Енді жаңа, әлеуетті күш қажет болды.
Міне, дәл осындай жағдайда христиандық – құлиеленушілік
құрылыстан феодализмге өтудің рухани негізі пайда болды.
Біздің бұдан аз уақыт бұрынғы тарихымызда (кеңес заманы
тұсында) Ортағасыр философиясын зерттеп
білуге жеткілікті көңіл
бөлінбеді, өйткені ол «идеологиялық түсініктерге» байланысты бол-
ды. Сол себепті Ортағасыр дәуірі терминдерде: «артқа шегіну», «діни
надандық», «өндірістік күштер дамуындағы тоқырау», «халықты ру-
хани бағынышты ету», «еркін ойлаушылықты басып-жаншу» деп
бағаланды.
Бүгінгі таңда жаңа әлеуметтік-саяси ахуал жағдайында әлемдік
тарихтың аталған кезеңі жаңаша мәнге, сипатқа ие болды. Егер
өндірістік күштер туралы сөз қозғасақ, онда біз құлдықтың жойылуына
байланысты айтарлықтай ілгерілеушіліктің орын алғанын байқаймыз.
Рас, шаруалар дворяндыққа тәуелді, заңдық
тұрғыда соларға байлау-
69
лы болды, бірақ олардың өз отбасылары, жер телімдері, ұсақ малдары
және басқадай мүліктері бар еді. Олар тіпті болмағанда өз жерлерінде
өндірістің дамығанына мүдделі-тін.
Достарыңызбен бөлісу: