ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет101/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

теориялық жаратылыстануға
келер болсақ, онда 
ортағасырлық ғалымдар алдымен антикалық ойшылдардың еңбектерін 
зерттеп білумен, кейіннен соларды түсіндірумен айналысты. Өмір 
ғалымдардың алдына әртүрлі заттардың қасиеттерін зерттеу мәселесін 
қойды, бұл, бірінші кезекте, олардың меншікті салмағын анықтауға 
байланысты болды. Хорезмнен шыққан ғалым Әл-Хазани тиісті 
техникалық аспаптар мен құрал-жабдықтарды жасап алып, 50 заттың 
меншікті салмағын анықтауға қол жеткізді және өз жетістіктерін 
«Даналық салмақтары туралы кітап» (1121 ж.) деген еңбегінде егжей-
тегжейлі сипаттап жазды. Егер арабтардың әлемдік ғылым мен 
мәдениетке сіңірген еңбегі туралы айтсақ, онда Әбу-Миамардың 
«Зидж Әбу-Миамар» атты еңбегі сол замандағы астрономияның биік 
шыңы болды. Әл-Батанидің астрономиялық кестелері (алғаш рет ол 
енгізген синустар мен косинустар) латын тіліне аударылып, Батыстағы 
оқу орындарының негізгі оқу құралына айналды. Ибн-Юнус маятникті 
сағаттар ойлап тапса, ал Әбу-Мұса Жабыр химия ғылымының негізін 
салушы болып саналады. Зәкәрия Разидің медицина саласындағы 
еңбегі де оқулық ретінде латын тіліне аударылды. Ал философияға 
келсек, ол жайында біз кеңірек айтатын боламыз.
Ортағасырлық ғылымда қозғалысты ары қарай зерттеуге ерекше 
назар аударылғандықтан, олардың кинематикалық және динамикалық 


70
түрлері ажыратылатын болды. Т.Брадвардайн «Қозғалыстардағы 
жылдамдықтар тепе-теңдігі туралы» деген еңбегінде (1328 ж.) 
себептеріне байланысты болатын қозғалысты оның нәтижесіне бай-
ланысты қозғалыстан ажыратып көрсетуге әрекет етеді (қараңыз: 
В.П.Котенко. История и философия классической науки. – М.: Акаде-
мический проект. 2005. – 48-52-беттер).
Париж университетінің ректоры Жан Буридан өз оқушыларымен 
бірлесіп, тасталған дененің, сонымен қатар қозғалыстың салыс-
тырмалылығы мәселелерімен айналысты. Ол: «Ғаламның қақ ортасын-
да Жер әрқашан тыныштық күйде болды ма?» – деген сұрақпен басын 
қатырса, ал Николай Орем бұл сұраққа жауап ретінде: «Жер тәулік 
бойы қозғалады, ал аспанның ондай қасиеті жоқ», – дегенге жол беруді 
жөн санайды. В.П.Котенконың: «Нақ осы зерттеулер XV ғасырда Ко-
перник теориясының пайда болуының нақты негізін құрайды», – деген 
тұжырымымен келісуге болады (жоғарыда аталған жұмыс, 50-бет).
Ортағасырлық ғалымдар физиканың оптика сияқты саласына 
да айтарлықтай үлес қосты. Әбу Әли ибн әл-Хайсанның (еуропа-
ландырылған есімі – Әлхазен) «Оптика қазынасы» атты еңбегі біздің 
заманымызға да жетті. Онда ол әлемдік тарихта алғаш рет 
физиологиялық тұрғыда көз жанарының жұмыс атқаруы механизмін 
көрсетіп берді. Оның мәні мынада: заттардан шашыраған сәулелер 
көздің қарашығына, содан кейін ғана нерв талшықтарына түседі. 
Әлхазен темірден айналардың әртүрлі: томпақ, иілген, цилиндр іспетті, 
сүйір және тұйық беттік тұрпаттарын жасады. Сондықтан бүгінгі күні 
де Батыс ғылымына, оның ішінде Роджер Беконға, Иоган Кеплерге, 
Исаак Ньютонға зор ықпалы болған Әлхазен араб әлемінің ірі физигі 
саналады.
Табиғаттың эмпириялық (тәжірибеге ғана негізделген) филосо-
фиясының алғашқы бүршіктерін біз Оксфордтан табамыз, онда 
квадривизм – арифметика, геометрия, музыка және астрономия 
құрметтелетін.
Ағылшын ғалымы Роберт Гроссетест (Үлкен бас) XIII ғасырда-ақ 
физика саласындағы өз жаңалықтарымен танымал болып үлгірген-
ді. Мысалы, «Кемпірқосақ туралы» атты еңбегінде кемпірқосақтың 
жарық сәулелерінің су тамшыларына шағылысуы нәтижесінде пайда 
болатынын көрсетіп, табиғаттың осы құбылысы туралы толғанған.
Оның шәкірті Роджер Бэкон (1214-1292) сол уақытта-ақ үш (үлкен, 
кіші және үшінші) шығармадан тұратын білімдер энциклопедиясын 
жасауға әрекеттенген. Оның бірінші бөлімінде Р.Бэкон Шындықтың 
жолында тұрған кедергілерді өзінің көзқарасы тұрғысында баяндайды 


71
(кейіннен екінші Бэкон – Френсис Бэкон еңбегінде бұл тақырып пұтқа 
табынушылар теориясында жаңаша аталатын болды).
Роджердің пікірінше, адамның надан болуының төрт себебі бар:
1. Күмәнді беделге сенім арту.
2. Әдет, дағды.
3. Әбес ақымақтық.
4. Бәрін білетін кейіп танытатын надандық.
Адамдар арасынан Бэкон Аристотельді ғана кемеліне келген адам 
санайтын. Бірақ шындық – уақыттың еншісі. Р.Бэконның сендіруі бо-
йынша, шындық – уақыттың жемісі, ал ғылым – біреудің немесе 
екеудің емес, тұтас адамзаттың туындысы. Білімге жеткізетін екі 
жол бар: дәлелдеу және тәжірибе. Дәлелдер қорытынды бергенмен, 
күмәннан арылтпайды. Сондықтан шындықты тәжірибе жолдары-
нан іздеу керек. Танымның ең жақсы және қауіпсіз жолы – тәжірибе. 
Тәжірибелік ғылымның пайда болуына белгілі бір дәрежеде Альберт 
Великий, Целек Витело, Теодорик Фрайбургский де еңбек сіңірді.
Компасты қытайлар VI ғасырда-ақ ойлап тапқанмен, магниттің 
қасиеттері әлі толық зерттелмеген-ді. Бұл іске Пьер де Марикур өз 
үлесін қосты, оның ойынша, компастың тілі, бұрынғылар ойлағандай, 
Поляр жұлдызына емес, Жер полюсіне қарай бұрылады.
Орта ғасырлардың аяғына қарай тауар өткізудің жаңа нарықтарын 
іздестіруге байланысты туған географиялық зерттеулер қарқынды 
дами бастады. Бұл астрономиялық зерттеулердің өркендеуіне, 
навигациялық аспаптардың әзірленуіне, механиканың дамуына оң 
ықпал етті.
Алхимия, магия, оккультизм, астрология, каббала деген терминдер 
баршаға таныс, бірақ көпшілік адамдар оларды ортағасырлық жалған 
ғылым құбылыстары деп қабылдайды. Алайда Орта ғасырларда табиғат 
құпияларын іздестірудің осы формаларынан өтпесе, осы заманғы 
ғылым қазір болар ма еді? Мүмкін, болмас еді. Алғашқы қауымдық 
қоғамда-ақ пайда болған магия Орта ғасырларда шығар шыңына жетіп, 
Жаңа заманда өше бастағанмен, құрып кетпей, біздің заманымызға 
да келіп жетті. «Магия» сөзі грек тілінен аударғанда, «ғажайыптық, 
сиқырлық, дуалаушылық» дегенді білдіреді. Магия құпия ілім-
білімдері, қасиеттері бар адамның дүниеге, аламдарға, рухтарға 
қалаған бағытта ерекше, табиғаттан тыс әсер етуі деп жорамалда-
нады. Мысалы, құрғақшылық болып тұрған жазда жаңбыр шақыру 
ғұрпы адамдардың өнім алудағы шаруашылық мұқтаждықтарын 
қанағаттандыруға арналған. Адамға бүлдіргі жасау (қара магия) – 


72
адамды құртуға немесе оның ерік-жігерін әлсіретуге бағытталады. 
Магияның білгір маманы Дж.Фрезердің ойынша, магиялық ғұрып-
тар – табиғаттың бір-біріне ұқсас немесе бірінің артынан бірі бо-
лып жататын, себепті-салдарлы, бірі-бірімен астасып кеткен әртүрлі 
құбылыстарын жалған, бұрыс түсіндірудің нәтижесі. Бұл тұрғыда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет