Аутентификацияның ең қарапайым жолы-тұтынушы құпия сөзін қолдану. Тұтынушы өзiн бiрегей сайкестендiргiштiң немесе атауының көмегімен атап жатқан кезде, одан құпия сөз сұратылады



бет1/5
Дата23.03.2022
өлшемі27,62 Kb.
#136529
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ТЕРМИНДЕР


Аутентификацияның ең қарапайым жолы-тұтынушы құпия сөзін қолдану. Тұтынушы өзiн бiрегей сайкестендiргiштiң немесе атауының көмегімен атап жатқан кезде, одан құпия сөз сұратылады. Егер тұтынушының құпия сөзі жүйеде сақтаулы тұрған құпия сөзге сәйкес келсе, тұтынушы заңды деген сөз. Құпия сөздер көбінесе корғаудың басқа күрделі сызбалары болмағанда, компьютерлік жүйедегі нысандарды корғау үшiн қолданылады.

Құпия сөздердің бiр кемшiлiгi - тұтынушы үшін оның ыңғайлылығы мен сенімділігінің тепе-теңдiгiн сактау қиын. Құпия сөздерді тауып алуы мүмкін, кездейсоқ көрсетілуi мүмкiн немесе заңсыз жолмен авторланбаған тұтынушыға хабарлануы мүмкін.


Жүйеге енуді бақылаудың ең кең таралған тәсілі - тiркеу амалы. Әдетте тұтынушының жүйеде бірегей сәйкестендiргiшi болады. Тұтынушылардың сәйкестендiргiштерi баска нысандардың, файлдардың, үрдістердiң сәйкестендiргiштерi сиякты колданылады. Идентификация дегенiмiз -тұтынушының сәйкестендiргiшiн хабарлауы. Тұтынушының шынайы екенiн, енгiзiлген сәйкестендіргіштің соныкі екенін анықтау үшін, акпараттық жүйелерде аутентификация (authentication, латын тілінен аударғанда «шынайылығын анықтау») шарасы қолданылады, оның міндеті - рұқсаты жоқ тұлғалардың жүйеге енуiне жол бермеу.


INTERNET-ке косылу дегеніміз - басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегi компьютерлерден өкiмет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергiлiктi корлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттердi, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т.б. цифрлык түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.


Символдарды форматтауға қаріп параметрлерін, символдар аралығындағы бос орындарды және негiзгi жол сызығы бойынша жоғары не төмен деңгейге жылжыту мүмкіндіктерін тағайындау жатады. Осы тәсіл аркылы құжаттағы маңызды деген элементтерді айкындап алып, олардың параметрлерін өзгертуге және кейбір символдарды жоғарғы не төменгі индекс ретiнде кішірейтілген жазба әріптермен бейнелеуді тағайындауға мумкiндiк бередi.


Кез келген информацияның белгiлi бiр көлемi болатынын білесіздер. Жинақтауыш қатты дискiнiң көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай калуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің бірінші жолы - қажет емес файлдарды жою. Ал, егерде қажет емес файлдың бәрін жойғаннан кейін де дискідегі орын жеткiлiксiз болса не істеймiз? Мұндай жағдайда дискідегі орынды үнемдеп файлдың көлемін азайту үшін, мәліметтерді сығылған түрде компьютерде сактауға арналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.


Архиваторлар - дискiдегi орынды үнемдеу үшін файлдың көлемiн кiшiрейтiн сақтауға мүмкіндік беретiн программалар тобы.

Операциялық жүйенің жүктеуiшi мен қатты дискінің ең басты мәлімет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар "жүктегіш" (загрузочная) немесе Boot - вирустар деп аталады.


Мұндай вирустар өз қызметін компьютердi iске қосқанда, яғни операциялык жүйенi жүктегенде бірден бастайды және әрдайым компьютердiң жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі - компьютерге салынған дискеттердiң алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәлiметiне зақым келтіру болып табылады.

Бірден орындалатын файлдар, белгiлi бiр iс-әрекет істейтін кеңейтілулерi (заты) .com және ехе болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға қажет кезiнде қосылатын оверлейлiк файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерiнiң кері әсерін жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасайды.


Компьютерлік вирус - арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздiгiнен баска программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдiруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсiз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан” немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны iске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кiрiсiп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус iске қосылған программаларға да кері әсер етiп, оларға да "жұғады" және баска да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегi файлдардың орналасу кестесін бүлдiредi, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.).


Терминал - қашықта орналасқан компьютерлермен модемдiк байланыс орнатуға арналган программа.


Paint (Paintbrush) - келесі сабақта толыгымен карастырылатын графикалық редактор. Ал қалған қосымша программалардың өзiндiк спецификалары болғандықтан, оларды негiзгi курсқа енгiзу қажет емес деп саналды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет