Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрiнде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктелiп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бiр-бiрiмен бiрiгiп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі.
Цифрлық перненің бетiнде жазылған екi символдың жоғары жағында көрсетілгенiн енгiзу үшiн Shift пернесін басу қажет. Бас әріптерді тұрақты күйде теру үшiн Caps Lock пернесін қолданамыз.
Esc пернесі (шығу, кешу) кез келген әрекетті орындамай токтатуды жүзеге асырады. Таb - мәтiндi түзету кезiнде кестенiң келесi бағанасына өтуді орындайды. Кейбiр программаларда оның аткаратын кызметi басқаша да болуы ықтимал: экрандағы келесi терезеге өту немесе менюдiң басқа командасына ауысу және т.с.с.
Пернелікте латын әрiптерi американдық машинкалардағы секiлдi, ал қазақ, орыс әріптерi бiздегi машинкалар таңбаларына сәйкес орналастырылған. Бір алфавиттен екiншiге ауысу перне драйверiнiң арнаулы программасын орындау арқылы жүргізіледі. Ол компьютер ток көзiне жалғанғанда iске қосылып, тұрақты күйде жумыс жасап отырады. Кейбiр драйверлер алфавитті ауыстыру үшін Shift+Alt пернелерiн қатар басуды талап етсе, кейбiрi Shift+Ctrl пернелерiн немесе одан да басқа комбинацияларды пайдалануды қажет етеді.
Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтiн жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маныздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ - дердi пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс iстеу принциптерін түсiндiрiп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін ХХ ғасырдың ортасында шыккан электрондык есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде олар компьютер деп аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік таспаларға жазып, қағазга басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды. Оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде, мәтіндерді теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана бастадық.
Информация алу дегеніміз - бiздi қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, кұрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сез.
Информация - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Достарыңызбен бөлісу: |