Символдар Кестесі (Таблица Символов) программасы мәтiндiк құжаттарға пернелерде көрсетiлмеген арнайы символдарды, математикалық белгiлер мен таңбаларды енгізуге арналған. Программаны iске қосқаннан кейін әрбір қаріптер жүйесіне қондырылған символдардың толық жиынын қарап шығуға болады. Солардың iшiнен қажеттi символды таңдап және оны алмасу буфері арқылы құжатқа көшiруге болады.
Дыбыс жазу (Звукозапись) - дыбыс тақшасының көмегiмен неше түрлi дыбыс, сөздер тiркесін WAR форматындағы файлдарға жазуға, ойнатуға және өңдеуге мүмкiндiк беретiн программа.
Достарыңызбен бөлісу: |