Қорытындылай келе, төмендегіні атап көрсету қажет:
а) гректердің ұлылығы – әлемді мифологиялық тұрғыда түсінуді
қанағат тұтпай, олардың сол кездегі әлемнің шекті негіздемелеріне
ақылмен жетуге ұмтылуында жатыр. Олар адам ақылының (Номос)
заңдарын құдайлардың заңдарынан (Темис) ажырата алды, кейіннен
бұның ғылымның дамуы үшін орасан зор маңызы болды;
ә) алайда әлемнің алғашқы негіздерін табиғаттың әртүрлі сти-
хияларымен (су, от, ауа және т.б.) теңестіруге байланысты «архе»
бағдарламасы тиісті нәтижелер бермеді. Солардың негізінде әлемнің
біртұтас монистік суретін жасау мүмкін болмады;
б) ауыр дене еңбегіне жиіркенішпен қараған ертедегі гректер тек
табиғаттың абстракциялық (дерексіз) философиясын құра алды;
табиғаттың даму заңдарын зерттейтін физика ертедегі грек өркениеті
топырағында бүршік жармай-ақ кетті.