2.7. ибн-Хальдун – қазіргі заманғы әлеуметтік философияның және саясаттанудың негізін салушы ибн-Хальдун (1332-1406) – тарихшы және философ, сондай-ақ араб
Шығысының жарқын ойшылдарының бірі. Оның негізгі еңбектері:
«әл-мүккадима», «арабтардың, парсылардың және берберлердің тарихы...», «өнеге-өсиет үлгілерінің кітабы» және басқалары.
болмыс туралы ілімінде Ибн-Хальдун әлем тәртіпке келтірілген,
үйлесімді, денелер мен заттар бір-бірімен өзара байланыста дегенді
айтады. Заттардың негізінде сол баяғы төрт элемент: жер, су, ауа,
от жатыр. Олардың заттарға араласып кеткеніне қарамастан, сол
элементтердің біреуі басым болуға тиіс, олай болмаса, зат өмір сүре
алмайды. Заттардың бұл өмірде болуында дүние элементі саналатын
оттан шығатын «туа біткен жылу» шешуші рөл атқарады.
Әлемде болып жататын алуан түрлі үдерістер адамға тәуелді емес.
«Табиғатта даму бар ма?» – деген сұраққа ол оң жауап қайтарады.
Табиғаттағы ең бір күрделі түпнегіздерге қараңызшы: минералдар,
өсімдіктер, жан-жануарлар бұл дүниеге бірінің артынан бірі келіп жа-
тады. Аса күрделі минералдар мүкке айналса, ал ең жоғары тұрған
өсімдіктер қарапайым жәндіктер – ұлуларға айналады. Жануарлар
әлемі көбейе және өне бойы тіршілік иелерінің жаңа-жаңа түрлерін
тудыра отырып, ақыр соңында, ақылы бар тіршілік иесі – адамның
пайда болуына жеткізеді. Маймылдарға қараңызшы: олардың түйсіну,
1
Гедонизм – адам рақат тұрмысқа ұмтылады дейтін көне грек ілімі.
94
қабылдау сезімдері бар, бірақ ойлау қабілеті жоқ. Сөйтіп, Ибн-Хальдун
Ч.Дарвинге дейін 400 жыл бұрын-ақ, рас, тым қарабайыр болғанмен,
өмірдің дамитыны туралы идеяға келген.