Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы Степногорск қаласының білім бөлімі Бестөбе кентінің негізгі мектебі



бет2/2
Дата06.07.2018
өлшемі295,98 Kb.
#47888
1   2

Мағынаны ашу

* + * түріндегі үлгіге

сәйкес берілген сандардан құрастыр және олардың мәнін тап.


1290

309

4725

204


502

1732

106

3511



«Жеті жұрттың тілін біл» ойыны

Логикалық есептер шығару.

1.Мадина тығылған достарын іздеп жүр. Ол шымылдықтың артынан 10 аяқ көрді.Сол жерге оның неше досы тығылған?


2.Динараға әжесі 5 кітап сыйлады. 3 – уінен басқасын ол оқып шықты. Оған әлі неше кітап оқу керек?
3.Аулада өсіп тұрған биік ағашқа 2 торғай және 4 көбелек ұшып келіп қонды. Барлығы неше құс болды?

Математикалық диктант
1.4500 бен 27 сандарының көбейтіндісін жаз.

2. Мен бір сан ойладым, оны 3 есе арттырдым, сонда 8100 шықты. Қандай сан ойладым?

3. 860 санын 10 есе арттыр.

4. 860 санын 10-ға арттыр.

5. 6000 санын 12-ге кеміт.
«Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны
7850 * 9

9400 * 5


4383 * 6

6783 * 7


Карточкамен жұмыс
Ү.Сабақты қорыту.

Топтық жұмыс.



Не істедік? Не ұнады? Қандай жаңалық алдың? Кестесін толтыру.

ҮІІ. Үй тапсырмасы.

«Еңбек түбі - береке» демекші үйде еңбектеніп орындап келуге берілетін тапсырма.

№ 6 №7 47 – бет.

Бағалау

Сабақты өзіндік талдау
Сынып: 4 «Ә»

Сабақ ырғағы: Белсенді

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды үш таңбалы санға жазбаша

көбейту тәсілімен таныстыру,

есептеу дағдысы мен әр түрлі есептерді

шығару қабілетін жетілдіру.

Дамытушылық: Жүйелі ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, СТО технологиясы. Сабақтың түрі: Ойын сабақ Көрнекілігі: суреттер, карточкалар, интерактивті тақта.

Үй тапсырмасын сұрадым. Психологиялық дайындық өткіздім. Содан кейін математика жөнінде түсініп беріп өттім.

Жаңа тақырыпты түсіндірдім.Үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдерін. Қалай көбейтіміз, ең бірінші неден бастаймыз, және нөл санын неге көбейтпейміз екенін түсіндіре кеттім.

Қызығушылығын ояту. Тақтаға ілінген үйлерге сандар жазып шыққан мәнін салыстырады.

Содан кейін, оқулықпен жұмыс болды. Дәптермен жұмыс.Балалар күнді жазып,көркем сан жазды.

Оқулықтағы №1 тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындады, яғни баған түрінде жазып есептеді. Одан кейін сергіту сәтін өткіздім.Балаларға өте қызықты болды. «Футбол» дидактикалық ойын өткіздім. Оқушылар топқа бөлініп отырды. Қай топ тез шешуін табады. Оқушылардың белсенділігін байқау. Өрнек түрінде есеп шығарды. «Жеті жұрттың тілін біл» логикалық есептер шығарды.

Қызығушылықтарын ояту.

Математикалық диктант. Оқушылар оқып жазғызу.

«Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны. Балалар әр түрлі есеп шығарады.

Карточкамен жұмыс. Әр оқушыға карточка таратып беру. Карточкадағы есептерді орындайды.

Бұл сабақта оқушылар, қызығушылығын танытып сабаққа белсенді қатысып отырды. Сабақ қызықты өтті. Интерактивті тақтамен жұмыс жүргіздік, яғни презентация болды сабаққа. Әр тапсырма тақтадан көрсетіліп тұрды.

Сабақты қорыту кезеңінде 2 топқа кесте таратылды. Сол кестеге не істедік? Не білдік? Өзіңе қандай жаңалық алдың?өз пікірлерін жазды.



Үй тапсырмасы берілді.

Оқушыларды барлығын тиісті бағамен бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет