Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы



бет7/27
Дата05.05.2020
өлшемі78,22 Kb.
#65848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
батп курсовой

А.С.Макаренко "Бала өмірінде маңызы зор. Ересек адам үшін еңбектің, қызметтің, жұмыстың қанша маңыздылығы болса, ойын әрекетінің балалары үшін маңыздылығы сонша. Жасында ойын әрекетінде қандай болса, есейгенде жұмыста да сондай болады", - деген екен. Демек, ойын деп қана түсінбей, оның үлкен маңыздылығын ескеру керек.

Сабақта жүргізілетін "Жалғасын тап" деген ойын толық емес сөйлем берілген кезде қолданылады. Балалар қабілеттеріне қарай сөйлемді жалғастырып әкетеді. "Ұйқасын тап" ойыны балаларды шығармашылыққа баулиды. Өлең жолдарының алғашқы қатары беріледі де, келесі қатарын балалар ойластырады. Ойын жүргізу аяқ астынан ойластырылмайды. Тәрбиеші белгілі мақсат көздеп, сабақ жоспарына енгізіп, арнайы көрнекіліктер дайындайды. Балаларды түгел қатыстыра отырып, оларды шешім қабылдауға, ойын үстінде тез ойлана білуге жетелеу - тәрбиешінің міндетті.

Психолог А.С.Выготский "Бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адамдар секілді көрінеді", - деп дәлелдеген. Осыдан - ақ ойын әрекетінің баланың даму сатыларына жетелейтінін көруге болады. Қорыта келгенде, әрбір ойын элементтерін балалардың деңгейіне қарай таңдап ала білсе, қолдана білсе болғаны.

XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп. Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп - есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным - түсінік, мінез - құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

Ойындардың негізгі мақсаты - балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытудағы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет