КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Сабақтың сапасын арттыру барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе болып табылады. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі - күнделікті сабақты өткізудің стандарты, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі сабақты айтуға болады. Күн сайын өтетін , тіпті тамаша көрнекіліктер арқылы болса да, жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын классикалық немесе дәстүрлі сабақ оқушыларды жалықтырады, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан, әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандарудың әдіс-тәсілдерін іздестіруді, бұған оқушыларды тарта білуді, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі міндет.
Қазіргі кезде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім алу кеңістігіне бағытталуда. XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Сол себепті де курстық жұмысымның кіріспе бөлімінде ең алдымен әдіс және тәсіл деген екі ұғымға тоқтала кеткенді жөн көрдім.
Оқыту әдістер танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс - қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралары, оқу кабинеттері, ЭЕМ ,нақты объектілер , өндіріс, құрылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |