Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ақмола облысының білім басқармасы астрахан ауданының білім бөлімі



бет10/34
Дата11.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#99159
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрлігі а мола об

Шығармашылық тапсырма:

1 қадам

Жаңылтпаштармен жаттығыңыз.

«Карнавал» фильмінің кейіпкері өзінің дикциясын қалай жөндегені есіңізде ме? Дұрыс, аузына жаңғақ толтырып алып жаңылтпаш оқыды. Бұл классикалық жаттығулардың бірі. Бірақ оны дәл осылай жасаудың керегі жоқ. Оңайынан тәсіл қолданыңыз, алдымен жаңылтпашты жаңғақсыз айтып көріңіз. Тіпті жаңылтпаш та емес, күрделі сөйлемдерден бастаңыз. Мысалы: «пайдаландырылғандықтан»


Осы сөздерді қиындықсыз айта бастағанда, күрделірек жаңылтпаштарға көшіңіз, содан кейін ғана жаңғақпен жаттығуды бастасаңыз болады.

2 қадам 

Өзіңізді тыңдаңыз

Жер бетіндегі кез-келген адам сөйлеп тұрғанда өзінің дауысын керек деңгейде ести алмайды. Сондықтан магнитафон немесе диктафон қолданыңыз. Кітаптардан бір үзіндіні алып, дауысыңызды жазып отырып оқи беріңіз. Содан кейін тыңдап көріңіз. Тыңдағаныңыз өзіңізге ұнамауы мүмкін (егер де ұнайтын болса радиоға жұмысқа тұруға бара беріңіз немесе сіз өзіңізді қатты жақсы көресіз), сондықтан мәтінді өзіңізге ұнағанша оқи беріңіз, оқи беріңіз!  

3 қадам

Диафрагмаңызды жаттықтырыңыз. 


Кейде, ұзақ әңгімелесіп отырғанда, сөйлемін аяқтау үшін кейбір адамдардың демі жетпей қалатын кездер болады. Бұл сөйлемді үзіп, тыңдап отырған адамға жағымсыз әсер қалдырады. Деміңіз ең ұзақ сөйлемге де жетуі үшін, диафрагмаңызды жаттықтырыңыз. Ол үшін кез-келген дауысты дыбысты деміңіз жеткенше соза беріңіз. Осы жаттығуды күніне бірнеше мәрте жасап тұрыңыз. Дауысты дыбысты 25 секундқа созу қиындық тудырмайтындай жағдайға жеткенде, даусыңызды көтеріп жасай бастаңыз. Күнделікті жаттығып тұрсаңыз, еш жерде қақалып-шашалып, деміңіз жетпей қалатын жағдайдан аулақ боласыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет