Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ақмола облысының білім басқармасы астрахан ауданының білім бөлімі


Тілге арналған гимнастикалар-1 сағат



бет12/36
Дата07.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#87618
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
сахна мәдениеті

10. Тілге арналған гимнастикалар-1 сағат
Дикцияны тазалап, орфопиялық норманы дұрыс сақтау, тілге арналған гимнастикаларды жасап, тілді жұмсарту керек. «с» - «з» әріптерін айту барысында, «ш» - «ж» дыбыстарын қосып отырған абзал және оны тыңдай алу керек. Жаттығуды алдымен бір буынды сөздерден бастап, дауысты дыбыстарды қосып, шағын мақал-мәтел мен жаңылтпаштарға ұластыру керек.
Жаттығуды айту барысында тіл мен тістің орналасуына, сол әріптердің айтылу заңдылықтарына көңіл аудару қажет. С,з әріптерін айтқанда тілдің ұшы алдыңғы төменгі тістерге жанасады, ал ж,ш әріптерін айтқанда тілдің ұшы жоғарғы тістерге көтеріледі, бірақ қатты таңдайға жанаспайды.
Сөйлеу тіліндегі ешқандай ережеге сыймайтын ала-құлалықтарды бір қалыпқа түсіріп, оларды әдеби тілдің нормасына айналдырудың әрекеті- сөйлеу мәдениетінің талабы. Енді, төмендегі әріптер тізбегін айтып көрелік:
Сасса, сэссе, соссо, суссу, шашша, шэшше, шошшо, шушшу
Зазза, зэззе, зоззо, зуззу жажжа, жэжже, жожжо, жужжу
жздра, жздре, жздро, жздру шстра, шстре, шстро, шстру
зждра, зждре, зждро, зждру сштра, сштре, сштро, сштру - бұл тілдің ұшы еркін қозғалу үшін жасалынатын гимнастика.
Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Мысалы, [ш]-мен сөйлеу: [шаш]—[чаш] емес, [ұш]—[үч] емес, [ж]-мен сөйлеу: [жарқын]—[джарқын] емес, [жақсы]— [джақсы] емес т. б. Сондай-ақ жалпыхалықтық тілде кездесетін "л" - "д" дыбыстық нұсқ апа- рының маңцай (маңлай диал.) жылқылар (жы- лқыдар диал.) болып айтылуы ұлттық әдеби тіл нормаларының қалыптасуымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет