Шығармашылық тапсырма: поэзиялық шығармалардан үзінді оқу. Эмоцияны нақты беру.
23. Сахнада мәнерлеп оқу, оны жүргізу әдістері-1 сағат
Сахна тілі орыс. сценическая речь — театрда коюға арналған көркем драмалык шығармаларды актерлердін сахнада айту, орындау формасы. Сахна тілінін калыптасуы екі түрғыда карас- тырылады.
Бірінші, актердін сөзді айту техникасын жетілдіруі: оған кажетіне карай дауысты көтеріп не баяулатып айту, дауысты күбылтып (қорқу, қуану, ренжу т.б. күйлерге байланысты), оған бояу косып айту, дауысты кідірту, жылдамдату сиякты сахнада айтылар сөз үдесінен шығатын шеберлік жатады.
Екінші, сахнада айтылатын сөз мәдениетін жетілдіру: оған сөздін дүрыс, айкын айтылуын, күлакка жағымды, әсерлі естілуін талап ететін шеберлік түрлері жатады. Сахна тілінін сәтті шығуы актермен катар шығарма авторына, сценарийшіге, режиссер мен шығарманы сахнада коюшыға да байланысты
Мәнерлеп оқу орысша выразительное чтение — мәтінді, оның мазмұнын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу үшін, ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімін, екпінін, дауыс ырғағын, әуенін сақтап айту. Мәнерлі оқудың қажетті шарттарына дауыстың анық есітілуі, оның үнділігі, әуені, яғни дауыс күшінің, үннің биіктеуі мен төмендеуі, оку қарқынынын бірде жылдам, бірде баяулауы, лебізділігі жатады. Оқу техникасы дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуын талап етеді
Сөйлеу тілінде қолданылатын фразалық тіркестердің экспрессивті болуы, образдылығы басым да қарапайым болып келеді.
Сахнаға шығып, жұрт алдында сөйлегенде, тілдің ішкі мүмкіндіктерін жақсы біле отырып, ойды ойнақы да ойлы, әсерлі де көркем жеткізудің әдіс-тәсілдеріне көңіл аудару керек.
Сахна тілінде сөз әсерлігі екі нәрсеге қатысты болып келеді: біріншісі, сөзді сөйлеген кезде құлаққа жағымды, лебізді, үнді етіп, дауыс кідірісі мен дауыс күшін дұрыс қойып айтумен байланысты болса, екіншісі, сөзді өз мағынасынан сәл өзгертіп, келтірімді мағынада жұмсаумен ұштасады. Сөздің келтірімді, ауыспалы мағынасы метафора, эпитет, метанимия, синендоха т.б. бейнелеу тәсілдері арқылы беріледі.
Қазақ тілі қаншалықты бай, сөздік қоры мол, тілдік тәсілдерінің алуан түрлі болғанымен, тәжірибесі аз жас лекторлардың тілімен, баяндау мәнерінен болсын актерлерде өнер адамдарының өзінен кемшіліктер кездеспей қоймайды.
Атап айтсақ:
1. Сөздің сыртқы әдемілігіне, әуезділігіне еліктеп, ішкі мағынасының ерекшелігі елеусіз қалады. Тақырыптың мазмұны, тыңдаушының құрамы, мамандық ерекшелігі ескерілмесе, ұранды сөзге ұрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |