Шығармашылық тапсырма: Прозалық шығаралардан үзінді оқу.
22. Поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқу-1 сағат
Поэзия(гр. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады. Поэзия мен прозаның айырмасы тек сыртқы белгісіне қарап анықталмайды. Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет — өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркемделмейді, әдебиет пен өнердің басқа салаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән.
1. әрбір тыныс белгісінің мәнін ұғып, соны дұрыс пайдалана білуі тиіс.
2. өлең сөздің ұйқас ырғақтарын, бунақ тармақтарын ажырата білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |