Ашық теңізге шығу
Тасбақа баласының
ашық теңіз арқылы
жүзетін саяхатын жиі
«жоғалған жылдар» деп
атайды. Жасыл теңіз
тасбақасы өмірінің осы
кезеңі туралы ғалымдар аз
біледі. Ол ағыс бойымен,
теңіз балдырларымен
қатар жүзуі мүмкін.
Тасбақа баласы теңіз балдырларының арасында жəне суда қалқып
жүрген асшаяндарымен, медузалармен, ұлулармен қоректенуі мүмкін.
Теңізде өкінішке орай, адамдар тастайтын қоқыстар пластикалық
қалдықтар болады. Оларды жеу тасбақаның өміріне өте қауіпті.
Теңізде одан да басқа қауіп-қатерлер бар. Акула сияқты
жыртқыштар кішкентай тасбақаның астында жүзеді, ал үлкен құстар
оның үстінде ұшып жүреді. Бақытына қарай, оның сауытының түсі оған
кішігірім қорған болады. Астыңғы бөлігі ақ түсті болғандықтан, астында
жүзетін акулалар оны күн шуағының арасынан көре алмайды. Ал үстіңгі
жағы қоңыр болғандықтан, үстінен қарағанда, ол судың қоңыр түсімен
қосылып, көрінбей кетеді.
|