Жасыл түске боялу
Бірнеше жылдар өткеннен кейін ол балғын тасбақаға айналады. Ол
енді кішкентай балапан емес, бірақ əлі ересек те емес. Оның сауытының
көлемі түскі ас ішетін тəрелкемен бірдей болады. Енді ашық теңіздің
суларынан, Флориданың, АҚШ-тың жылы жағалауларына қарай кететін
уақыт келді.
Балапан болған кезіне қарағанда, сауытының үлкеюінің
арқасында, ол қорғаудың
астында болады. Арасында
медузаны жұтып қоятынына
қарамастан, енді ол көбінесе
балдырлармен жəне теңіз
шөптерімен қоректенеді.
Ол жайлап өскенше,
бірнеше жылдар өтеді. Ол
жағалаудан алыс кетіп,
түбінде қоректеніп ересек
тасбақаға айналады.
Түнде ол судың астындағы тастардың, төмпешіктердің қасында,
бес сағатқа дейін демін тоқтатып тынығады. Ол күнде тасбақа шөбі деп
аталатын теңіз шөбінің қасына қайта оралады. Көгалшапқыш сияқты
тасбақа теңіз шөбінің жайылымын азайтады. Теңіз шөбін жəне
балдырларды жеуінің арқасында оның дене майы жасыл түске боялады.
Сондықтан бұл тасбақалар жасыл теңіз тасбақалары деп аталып кетті!
Достарыңызбен бөлісу: |