Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты


 «Модель» жəне «модельдеу» деген ұғымдар



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата08.04.2020
өлшемі1,14 Mb.
#61983
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
k090620154


1. «Модель» жəне «модельдеу» деген ұғымдар 
 
Педагогикалық 
заңдылықтарды 
кез-келген 
зерттеу 
педагогикалық  процестерді,  құбылыстарды  жəне  нысандар 
жүйесін,  олардың  моделін  құру  мен  үйрену  жолымен,  жаңадан 
конструкцияланған  нысандарды  құру  тəсілдерін  анықтау  мен 

 
152 
сипатын  нақтылау  жəне  тиімділігін  арттыруға  арналған 
модельдерді пайдалану, оларды модельдеу болып табылады.  
Модельдеу 
– 
таным 
теориясының 
маңызды 
категорияларының  бірі:  кез-келген  ғылыми-зерттеу  əдісі 
модельдеуге негізделеді – ол теориялық (соның ішінде əр түрлі 
таңбалық,  абстрактылы  модельдер  де)  тұрғыдан  да  жəне 
тəжірибелік-эксперименттік  (пəндік  модельдерді  пайдалану) 
тұрғысынан да маңызды болып келеді. 
Модельдеу  –  бұл  «кей  нысанның  басқа  нысандағы  арнайы 
зерттеу  үшін  жасалынған  сипаттамаларын  қайта  қалпына 
жаңғыртуы». Бұл соңғысы модель деп аталады[1]. 
Модель дегеніміз – кесте, физикалық конструкция, таңбалық 
формалар немесе формулалар зерттелінген нысанға (құбылысқа) 
ұқсас  болғандықтан,  қарапайым  да  дөрекі  түрдегі  осы 
элементтер  арасындағы  құрылымды,  сапаны,  өзара  байланысты 
жəне қатынасты бейнелейді жəне қайта жаңғыртады [1, 17 б.]. 
Модель  –  түпнұсқа  құрылымын  қарапайымдандыра  түседі, 
аса  маңыздыдан  шеттей  отырып,  ол  «құбылыстың  жалпылама 
бейнесі,  практикалық  тəжірибенің  абстрактылы  жалпылануы 
нəтижелерінің  нысанды  жəне  эмпирикалық  білімдер  туралы 
теориялық 
көзқарастарының 
қатынасы» 
ретінде 
қызмет 
атқарады [1].  
Зерттеушіні  қызықтыратын  модель  мен  нысан  арасында 
белгілі ұқсастықтар болуы тиіс:  
1)  нысан моделінің дене сипаттарының ұқсастығында; 
2)  модель  жəне  нысан  іске  асыратын  функцияның 
ұқсастығында; 
3)  тəжірибе 
мен 
оның 
моделінің 
«мінез-құлқын» 
математикалық бейнелеу теңдестігінде. 
Кез-келген жағдайда модель өзінің рөлін тек нысанға сəйкес 
келу деңгейіне қатаң түрде жеткен де ғана орындай алады. 
Ғылыми 
зерттеу 
барысында 
біз 
өз 
назарымызды 
зерттеушілердің  негізінен  модельдерді  конструкциялау  кезінде 
құрудың келесі принципіне арқа сүйейтініне аудардық [ 2,3]:  
-  барлық  күштерді  интеграциялау,  дене,  психикалық  жəне 
рухани-адамгершілікті 
денсаулықты 
қамтамасыз 
ететін 
жағдайларда оқушыларды оқыту мен тəрбиелеу мақсатында оқу 

 
153 
орындарының  барлық  құрылымдық  салаларының  органикалық 
тұтастығын сақтау; 
-  гуманизациялау,  əрбір  оқушының  жеке  тұлғасына 
қоғамның  жоғары  əлеуметтік  құндылығы  ретінде  назар  аудару, 
жоғары 
интеллектуалдық, 
моральдік 
дене 
сапасы 
құндылықтарына  ие  азаматтылықты  қалыптастыруға  қондырма 
жасау; 
-  Оқыту  мен  тəрбиелеуді  дифференсациялау  мен  жеке 
даралау,  əрбір  оқушының  қабілетінің  толық  көрінуі  мен 
дамуына арналған жағдайлар жасау; 
Дене  тəрбиесін  басқару  жүйесінде  дайындықтың  түрлі 
жақтарын  модельдеу  барған  сайын  кеңінен  тарап  келеді. 
Модельдік көрсеткіштер сабақтардың бағыттылығын анағұрлым 
дұрыс  анықтауға  мүмкін  береді  жəне  сол  арқылы  оқу-жаттығу 
процесінің  тиімділігін  арттырады.  Модельдеуге  қажетті  сандық 
жəне 
сапалық 
көрсеткіштерді 
тексеру, 
тестілеу, 
түрлі 
эксперименттер,  эксперт-сарапшылардың  Берген  бағасы  мен 
жəне  т.б.  арқылы  алуға  болады.  «Модель»  деген  ұғымның  өзі 
дайындықтың  белгілі  бір  деңгейіне  жетуді  көздейтін  түрлі 
параметрлер  жиынтығынан  тұрады  [4].  Спорт  практикасында 
«модельдеу»  термин  сөзінің  түрлі  түсіндірмелерін  кездестіруге 
тура келеді, сондықтан оларды спорт практикасында пайдалану 
барысында түрлі көзқарастарға ие болдық. Қазіргі əдебиеттерде 
«модельдеу»  ұғымына  жақын  терминдер  жиі  кездеседі: 
«бақылау  нормативтері»,  «сапалар  мен  қабілеттердің  бақылау 
көрсеткіштері»,  «жарыс  қызметінің  бақылау  нормативтері», 
«нормативті 
көрсеткіштер», 
«модельдер», 
«дайындық 
көрсеткіштері». 
Əдебиеттерде 
«модельдік 
сипаттамалар» 
термині басқаларға қарағанда жиі кездеседі. 
Модельдердің 
көптеген 
түрлері 
өздерінің 
белгілері 
бойынша классификациялануы мүмкін. 
Түпнұсқаны  ұсыну  тəсілі  бойынша  модельдер  болуы 
мүмкін: 
-  түпнұсқаны,  оның  құрылымын  жəне  функциясын  сөзбен 
бейнелеуден  тұратын  ақпараттық  модель.  Ақпараттық  модель 
деп жаттығу сабағының мазмұнын немесе спортшының қимыл-
қозғалысын бейнелеу болып табылады: 
- Сызу арқылы, сызба, сурет түріндегі түпнұсқа бейнесі; 

 
154 
Кестелер.  Осындай  модель  ретінде,  мысалы  команданың, 
спорттық  ұжымның  құрылымын  көрсететін  кестені  атауға 
болады; 

математикалық 
– 
бұл 
негізінен 
математикалық 
формулалар  немесе  теңдеулер,  олардың  көмегі  арқылы  бір 
немесе  бірнеше  параметрлердің  басқалардан  немесе  бірнеше 
басқаларға  тəуелділігі  анықталады;  онда  олардың бірі  аргумент 
болса,  екіншісі  функция  болады.  Мысалы,  осындай  модель 
түрінде  спортшының  күші  мен  оның  денесінің  массасы 
арасындағы байланыстылық жазылуы мүмкін: 
F= aw 2/3 болса 
F - күш, w- өзіндік масса, 
а – қол жеткен нəтижелер деңгейін сипаттайтын константа. 
Модельдерді 
түпнұсқаны 
ұсыну 
толықтығы 
деңгейі 
бойынша айырады: 
- толық (түпнұсқаның барлық негізгі сипаттамаларын қайта 
жаңғыртады); 
-  жалпылама  (түпнұсқаның  жалпылама  сипаттамасынан 
тұрады); 
-  жекелеген  (түпнұсқаның  белгілеріндегі  топтың  бірін 
бейнелейді) [5] . 
 
2. «Маман моделі» шешу мəселелері 
 
«Маман моделі» проблемасы дене шынықтыру мамандарын 
дайындау  жүйесін  жетілдірудің  барлық  проблемаларындағы 
бастапқысы болып табылады.Қарастырылып отырған мəселелер 
бойынша қолда бар əдеби мəліметтер, спорттағы педагогикалық 
практикалар  тəжірибесі  жəне  біздің  алдын-ала  жүргізген 
зерттеулеріміздің 
нəтижелері 
«маман 
моделін» 
күрделі 
құрылымдық сала деп бағалауға мүмкіндік береді[6]. 
«Маман  моделі»  проблемасын  шешу  барысында  алғашқы 
орындардың  біріне  маман  қызметі  мен  оның  орындайтын 
функциясының  міндетін,  мазмұны  мен  құрылымын  анықтау 
шықты.  «Маман  моделі»  деп,  белгілі  бір  уақыт  аралығында 
белгілі  құжатнамалар  арқылы  бекітілген  болуы  тиіс  маман 
бейнесі  түсіндіріледі,  яғни  белгілі  бір  уақытқа  қатысты  маман 
туралы 
көзқарастар 
жиынтығы 
логикалық, 
сызбалық, 

 
155 
математикалық  байланыстылық  пен  бейнелеулер  түрінде 
білдіріледі.  Базалық  модель  синхронды  жəне  диахронды  түрде 
жасалып, 
ақпараттық 
сипатқа 
ие 
болады. 
Келешектік 
(жобаланған)  модель  болашақ  маман  жұмыс  істеуі  тиіс  адам 
қызметінің сол бір саласында болжау негізінде жасалады[7]. 
Жобалау  барысында  үш  кезеңді  атап  көрсетуге  болады. 
Бастапқы  кезең  жұмыс  істеуі  тиіс  қызмет  саласында  мұқият 
үйрену болып табылады, жекелей алғанда мамандық құрылымы 
( мамандық шеңберіндегі жекелеген нақты маманданулар), оның 
сипаты функционалдық міндеттері, сыртқы факторлардың əсері, 
басқа  мамандықтармен  салыстырғанда  əлеуметтік  тұрғыдан 
беделділігі. Осылардың барлығын қорыта келе біз мамандықтың 
қалыптасқан элементарлық моделіне ие боламыз. Модельдеудің 
екінші  кезеңінде  бұл  проекция  маманның  жоғары  деңгейде 
қызмет  етуіне  қажетті  сапаларды  анықтауға  мүмкіндік  береді. 
Бұл сапалар ақыл-парасат, ерік, адамгершілік, дене тұлғасының, 
психикалық  сапалары  мен  мінез  қырларынан  жəне  т.б  тұруы 
мүмкін (маманның өзінің элементарлық моделі). Соңында, яғни 
қорытындылау  кезеңінде  болашақ  мамандықтардың  пайдасы 
үшін осы сапаларды қарастыратын əдістер мен тəсілдер жүйесін 
жасау  қажет  (дайындық  жүйесі,  оның  элементарлық  моделі). 
Модельдеу  барысында  жүйелі  талдау,  жалпылау,  байқау, 
сауалнама  жүргізу,  тестер,  суреттеу,  рейтинг,  өлшеу  жəне  т.б. 
[8,19].  
В.Н.  Селуянов  [10]  дене  тəрбиесінің  теориясы  мен 
əдістемесі  -  эмпирикалық  ғылым  деп  санағандықтан,  ол  өзінің 
жұмысын  спорттың  жасанды  ортасын  объективті  шынайылық 
ретінде 
құру 
кезінде 
өзінің 
дамуын 
тоқтатқандығын 
монографиялар  мен  оқулықтарда  көрсете  білген.  Сондықтан 
дене  шынықтыру  саласында  жаңа  ғылыми  жəне  əдістемелік 
бағыттар жасау қажет.  
Ол  жаңа  ғылыми-əдістемелік  бағыт  –  спортологияны 
дамыту қажеттілігін ұсынады. 
Спортология  –  дене  тəрбиесі  мен  спорттың  инновациялық 
технологиясын жасау туралы ғылым.  
В.Н.  Селуянов  спортология  шеңберінде  ғылыми  жəне 
əдістемелік тұстарды дамыту жақтарын ұсынады. 

 
156 
Ғылыми  спортология  зерттеу  объектісі  ретінде  адамды 
(спортшыны) қарастырады жəне дене тəрбиесінің инновациялық 
технологиясын 
іске 
асыру 
нəтижесінде 
түрлі 
ткандер 
клеткасындағы өзгерістердің жүйелік дəрежесінде зерттейді. 
Əдістемелік  спортология  өз  алдына  дене  тəрбиесі  мен 
спорттың  жасанды  нысандарын,  əдістері  мен  тəсілдерін, 
технологияларын  жасау  мен  зерттеу  (мысалы,  тренажерларды) 
мақсаттарын қояды. 
Жаңа  педагогикалық  əдістерді  жасауға  арналған  тетік 
ретінде 
ағзаның 
ақыл-парасатты 
немесе 
компьютерлік 
модельдерін пайдалану арқылы имитациялық модельдеу қызмет 
етеді.  Имитациялық  модельдеу  көмегімен  алға  қойылған 
мақсаттардың 
шешімін 
табатын 
дене 
жаттығуларын 
орындаудың  анағұрлым  тиімді  нұсқалары  айқындалады[  10, 
б.11]. 
Маманның  базалық,  кəсіби  моделі  негізінде  маман 
формуласы  жасалуы  тиіс  болатын,  ол  дене  дайындығының 
əдістерін,  тəсілдерін,  түрлерін,  бағыттылығын,  индикаторлық 
белгілерін жəне тұлғаны бағалау əдістерін, дене, психологиялық 
жəне  психофизиологиялық  сапаларын,  кəсіби  сенімділігі 
параметрлерін,  динамикалық  денсаулығы  мен  кəсіби  ұзақ  өмір 
сүруін болжауды алдын-ала анықтаған болар еді[11]. 
Н.А. Рыбачук педагогикалық жоғары оқу орындарында дене 
шынықтыру  бойынша  қазіргі  мұғалімдердің  сабаққа  дайындық 
моделін  жасауға  тырысып  көрді.  Оның  зерттеу  идеясы 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  дене 
шынықтыру  бейініне  жатпайтын  білімдерді,  біліктіліктерді, 
денсаулық  педагогикасының  дағдылары  мен  оларды  оқытудың 
глобальдік  процесіне  енгізуді  меңгеру  мүмкіндігін  дəлелдеуден 
тұрады.  Бұл  дегеніміз  түрлі  типтегі  білім  мекемелерінің 
педагогикалық 
кеңістігіне 
қатысушылардың 
барлығының 
денсаулығын 
сақтау  мен 
нығайтуды  қамтамасыз 
етуге 
мүмкіндік береді [12, б.5 ]. 
С.Ю. Тюленьков, С.Н. Зуев, Л.М. Крыловтардың пікірінше, 
дене  шынықтырудың  жоғары  оқу  орнының  оқу  пəні  ретіндегі 
даму  болашағы  кафедралардың  халық  шаруашылығы  саласына 
бітірушілердің психофизикалық дайындық моделін жасау жолы 
арқылы  мамандар  сапасын  арттыру  жəне  оны  одан  ары 

 
157 
жетілдіруге 
бағытталуы 
болып 
табылады. 
«Кəсіби 
психофизикалық  дайындық»  ұғымы  өз  құрамында  келесі 
мəселелерді  қарастырады:  жеткілікті  кəсіби  жұмыс  қабілетін; 
жедел  өзгеріп  отыратын  өндірістік  жəне  сыртқы  орта 
жағдайларына өз уақытында бейімделу үшін ағзаның дене жəне 
функционалдық 
қызметтерінің 
қор 
мүмкіндіктеріне 
қажеттілігінің  болуы;  адамның  дене,  психикалық  жəне  рухани 
мүмкіндіктеріне негізделген мақсатқа жету үшін берілген уақыт 
шегінде  жəне  мотивациясының  болуын  толық  қалпына 
келтіретін қабілетінің болуы. 
Қазіргі  кəсіби  қызмет  адамнан  терең  теориялық  білімдерді 
ғана  талап  етіп  қоймай,  оған  қажетті  арнайы  психофизикалық 
дайындықты  да  қажет  етіп  отыр.  Сондықтан,  жоғары  білікті 
мамандарды  дайындауға  бағытталған  жоғары  оқу  орнын 
бітірушінің психофизикалық үлгісін іс жүзінде жасау жəне оны 
іске  асыру,  еңбектің  жаңа  жағдайларына  жедел  бейімделу, 
жоғары  кəсібилікті,  бəсекеге  қабілеттілікті  меңгеру  –  дене 
тəрбиесі  кафедрасы  қызметінің  соңғы  нəтижесіне  байланысты 
шешімін табуы тиіс мəселелердің бірі болып табылады[13]. 
Халық шаруашылығының түрлі салаларындағы мамандарды 
жоо-ларда тиімді түрде тəрбиелеу үшін талапкерлерді өзін ақтай 
білген  психофизикалық  іріктеу  негізінде  кəсіби  маңызды 
сапаларды  (КМС)  талап  ететін  базалық  тізбелер  негізі 
ұсынылды.  
КСМ  парадигмасы  -  халық  шаруашылығын  жоғары  білікті 
мамандармен 
қамтамасыз 
ету, 
кəсібилендіру 
процесінің 
құрылымдық  қызметі  мен  бағыттылығы,  мазмұндылығы 
арасындағы жоғары сəйкестікке қол жеткізу болып табылады. 
ЖОО  бітірушілерін  кəсібилендіру  процесін  басқаруды 
ұйымдастырудың 
концептуалдық 
тұжырымдамаларын 
қалыптастыру  міндеті  саланың  қазіргі  күйінен  шыққан 
талаптардан  ғана  тұрмайды,  сонымен  қатар  оның  даму 
болашағы 
маманның 
жеке 
дара 
сапаларының 
барлық 
жиынтығын  іске  асыру  барысында  ғана  шеше  алуы  мүмкін. 
Бұның  өзі  қызметтің  белгілі  бір  модельдері  бойынша  кəсіби 
дайындық пен мамандану ізбе-ізділігінің базасы ретінде қызмет 
атқарады. 
Осындай 
модельдер 
мамандықтың 
барлық 

 
158 
жақтарының  ішкі  байланыстар  құрылымын  толық  жəне  жан-
жақты түрде көрсете білуі тиіс. 
КМС-ды  атап  көрсету  үшін  белгілі  бір  мамандықтар  мен 
лауазымдық санаттарға қажет: 
- негізгі КМС-ды негіздеу жəне кəсіби дайындықтың нақты 
критерийлерін анықтау; 
-  қызметтің  негізгі  кезеңдеріне  сəйкес  келетін  біліктілік 
сипаттамасының негізгі блоктоарын атап көрсету; 
-  нақты  маман  немесе  лауазымдық  тұлғаның  кəсіби 
қызметін  қамтамасыз  ететін  маңызды  біліктілік  категориясын 
атап көрсету арқылы оларды классификациялау. 
Нормаланған 
КМС-дан 
тұратын 
мамандықтар 
профессиограммасы маман моделін ұсынады жəне осы қызметке 
сəй  келетін  адамның  кəсіби  қызметнің  сипаты  мен  шарттарына 
қойылатын 
талаптарды 
көрсете 
біледі, 
сондықтан 
да 
студенттердің  ЖОО-да  кəсіби  түрде  дайындауды  іске  асыруға 
негіз болып табылады[ 13, б.55 ]. 
 
3. Болашақтағы маманның «профессиограммасы» 
 
Л.Н.  Рютинаның  пікірінше  «Дене  тəрбиесі  мен  спорттық 
жаттығу  теориясы  мен  əдістемесінің  қазіргі  жағдайы  жоғары 
оқу  орнының  типтік  оқу  бағдарламасы  шеңберінде  адамның 
практикалық  тұрғыдан  алғанда  дене  жəне  психофизиологиялық 
сапаларын  дамыту  мен  жетілдіру  үшін,  маманның  өндірістік 
операциялардың  кең  ауқымды  саласы  үшін  іске  асыруға 
мүмкіндік 
береді. 
Маманның 
кəсіптік-қолданбалы 
дене 
дайындығындағы  (КҚДД)  бұл  бағыт  өз  құрамында  білім 
компонентімен  қоса  (теориялық  жəне  əдістемелік  көзқарастар 
мен  білімдердің  қажетті  минимумын)  өзінің  шынайы  болашақ 
кəсіби  қызметіне  бейімделген  қажетті  қолданбалы  дайындық 
пен маман тəрбиелеуден тұруы тиіс...». 
Жоғары  оқу  орнындағы  КҚДД-ын  тиімді  ұйымдастыру 
мəселелері  алдымен  болашақ  маманның  кəсіби  мамандықтар 
қатары  бойынша  еңбек  қызметіндегі  өзгешеліктер  мен 
мазмұнының ғылыми негізделген сипаттамасының, олардың көп 
түрлі  профессиограммасының,  əсіресе  шынайы  өндірістік 

 
159 
жағдайларда  РТЖ  маманының  КҚДД  мазмұнын  анықтайтын 
жұмыс параметрлері бойынша мүлде болмауынан тұрады. 
Темір  жол  мамандығы  бойынша  оқитын  студенттердің 
КҚДД–ын  қамтамасыз  етуге  арналған  профессиограммалар 
жүйелі  көзқарастар  принциптері  арқылы  нақты  еңбек  қызметін 
жан-жақты 
үйрену 
негізінде 
құрастырылады. 
Профессиограммаларға келесі талаптар қойылады: (3 сурет) 
-  нақты 
мақсаттың 
болуы 
(мамандар 
дайындау, 
біліктілікті жетілдіру, ЕҒҰ кəсіби бағдары жəне т. б.); 
-  суреттелген құбылыстардың лайықты бейнеленуі; 
-  түрлі 
мамандықтарды 
салыстыруға 
мүмкіндік 
беретіндей 
стандарттық 
құрылым, 
дəл 
анықталатын, 
салыстырмалы түрде өзіндік кіші жүйелер мен блоктар;  
-  біркелкі  терминдер,  ұғымдар  мен  анықтамалар  арқылы 
суреттелінген бірдей тіл; 
-  бұрынғының  негізінде  дамуға,  жетілуге  жəне  қайта 
туындауға қабілетті бейінді профессиограмма жасау; 
Осы ережелерге сəйкес профессиограмма белгілі бір ретпен 
4 блокқа топтасқан 19 тараудан тұрады. 
Бірінші  блоктың  тараулары  маманның  еңбек  қызметінің 
нақты  бейінінің  бағытын  бейнелейді  жəне  мамандарды 
мақсатты түрде дайындаудың бастамасы болып табылады. 
Екінші  блок  нақты  бейін  бойынша  еңбек  қызметінің 
құрамын,  жағдайларын,  регламентін  жəне  басқа  жақтары  мен 
ерекшеліктерін  сипаттайтын  тараулардан  тұрады.  Осы  блоктың 
материалы  оқыту  кезінде,  кəсіби  бағдар  беру  мен  кəсіби 
диагностикалау  өткізуге  дайындау  барысында  дайындық 
мазмұнын анықтауға арналған негіз болып табылады. 
Үшінші блок тарауларының мазмұны мамандарға қойылған 
талапты  бейнелейді  жəне  мамандардың  қандай  іскерлік  жеке 
сапаларға  ие  болуы  керектігімен,  қандай  жалпы  жəне  арнайы 
білімдерге  ие  болып,  еңбек  қызметінің  міндеттерін  шешуге 
арналған 
қандай 
кəсіби 
біліктіліктер 
мен 
дағдыларды 
меңгергендігімен таныстырады. 
Төртінші  блокта  мамандар  дайындалатын  орындар,  оларды 
пайдалану мен біліктілігін арттыру мүмкіндіктері, кəсіби бағдар 
беру  жұмыстарын  іске  асыру  мақсатында  жəне  кезеңдер 
бойынша  аттестаттау  үшін  көрсетіледі.  Профессиограмманың 

 
160 
ұсынылып  отырған  кестесінен  бірінші  жəне  екінші  блоктың 
материалдары 
осы 
бейіндегі 
мамандықтың 
біліктілік 
сипаттамасына  негіз  бола  алады;  бірінші  жəне  үшінші  блоктың 
материалдары  оқу  жоспарын  қалыптастыруға  арналған  база 
бола  алады;  үшінші  блоктың  негізінде  оқу  пəндерінің 
бағдарламалары  құрастырылады,  білім  алушыларға  қойылған 
сынақ жəне емтихан талаптары белгіленеді. 
Сондықтан,  мамандық  профессиограммасының  құрылымы 
бүкіл жүйенің байланыс компоненті болып табылады. 
1.  Еңбек  қызметінің  бағыты:  мамандардың  лауазымдары, 
еңбек мақсаты, еңбек нысаны, еңбек пəні, маманның міндеттері 
мен қызметтері. 
 2.  Еңбек  қызметінің  сипаты:  құрамы  (сипаттамалық 
жақтары,  бірыңғай  операциялары,  еңбек  қызметтері),  еңбек 
жағдайлары 
(орны, 
уақыты, 
ұйымдастыру, 
материалдар, 
регламенттеу,  құрал-жабдықтар,  формалар  жəне  т.б.);  еңбек 
процесінің  негізгі  жақтары  (сипаты,  ерекшелігі,  күрделілігі  ); 
еңбек 
процесінің 
дене, 
психологиялық 
жəне 
психофизиологиялық 
ерекшеліктері 
(психикалық 
жəне 
психофизиологиялық  процестердің  өту  дəрежесі,  ақыл-ой  жəне 
дене  қуатының  шығындары,  психикалық,  психофизиологиялық 
жəне  қызметкердің  дене  сапаларына  қойылатын  талаптар); 
кəсіби 
зияндылықтар 
(еңбек 
қызметінің 
орындалуын 
қиындататын жəне қызметкердің жағдайына жайсыз əсер ететін 
факторлар). 
3   Мамандарға  қойылатын  талаптар  (мазмұны,  кəсіби 
дайындығы):  маманның  іскерлік  жəне  жеке  сапалары;  іргелі 
жəне  арнайы  тағайындаулар;  кəсіби  біліктіліктері,  еңбек 
дағдылары; 
арнайы 
дайындық; 
кəсібіне 
көрсетілген 
қарсылықтар. 
 4  Мамандарды  дайындау  мен  пайдалану,  мамандықтарды 
сабақтастыру  мүмкіндіктері;  маман  кадрларды  дайындау 
мекемелері; біліктілік арттыру формалары [14 , б.45-46]. 
КҚДД-ның  құрылымдық  мазмұнын  анықтауда  екі  негізгі 
ұйымдастырушы-əдістемелік көзқарастар негізге алынды. 
Біріншісі психофизиологиялық жəне дене критерийлері мен 
мамандық  топтарының  бірдей  немесе  ұқсас  жағдайлары 
бойынша  зерттеуден  тұрады.  Екінші  көзқарас  адам  ағзасына, 

 
161 
оның  дене  сапалары  мен  қызметтік  мүмкіндіктеріне  (биікке 
өрмелеуші, су асты жүзгіші, ғарышкер жəне т.б.) өзіндік ерекше 
талаптар  қоя  білетін  нақты  (жекелеген)  мамандықтың  еңбек 
жағдайларын терең де кешенді зерттеу арқылы сипатталады. 
 
КҚДД-ның 
теориялық-əдіснамалық 
негіздерінің 
маңызды  элементі  ретінде  студенттердің  дене  дамуының, 
қозғалыс  дайындығының  жəне  қызметтік  жай-күйінің  бағалау 
критерийлері  болып  табылады.  Көптеген  жағдайларда  бағалау 
критерийлерін  жасау  адам  ағзасының  қызметтік  жəне  даму 
оптимумын 
көрсетуге 
қатысты 
нормастатистикалық 
параметрлерді анықтаумен байланысты. 
Г.Д.Ивановтын  [15]  пікірі  бойынша,  жоғары  оқу  орнының 
КҚДД-ның  қазіргі  өндіріс  жəне  қоғаммен  интеграциясы  қажет-
ақ. Сондықтан ол келесі бағыттарды атап көрсетеді: 
1. 
Қазақстан 
Республикасы 
тұрғындарының 
дене 
шынықтыру мəдениетін қалыптастыруда жоғары оқу орнындағы 
КҚДД-ның  жəне  қолданбалы  дене  шынықтыруды  өндірістік 
дене  шынықтыру  жүйесіне  қосу,  еңбекті  қорғау  жəне  ғылыми 
ұйымдастыру  арқылы  рөлін  арттыру.  Соған  байланысты 
өндірістік  дене  шынықтыру  бойынша  нұсқаушы-əдіскерлерді 
қайта  дайындау,  жоо  бітірушілері  есебінен  қоғамдық  негіздегі 
нұсқаушыларды дайындау мəселесі туындап отыр. 
2.  КҚДД  тəсілдері  есебінен  студенттердің  қозғалыс 
белсенділігі  мен  өндірісте  жұмыс  істеушілердің  қозғалыс 
белсенділігі қорларын кеңейту. 
3.  Мамандықтардың  біліктілік  сипаттамасындағы  КҚДД-
ның  нормативті  талаптарын  жасау,  ғылыми  негіздеу  жəне  іске 
қосу 
4.  КҚДД  жүйесінде  дене  шынықтырудың  жаңа  жəне 
дəстүрлі емес тəсілдерін пайдалану 
5.  Кəсіби  дене  шынықтыру  мəселелерін  кəсіпорындардың 
ұжымдық шартына енгізу 
6.  Мамандардың  қазіргі  өндірістік  жағдайларға  кəсіби 
жарамдылығы бойынша нормативтік критерийлерін жасау 
7.  КҚДД-н  негіздеу  студенттер  мен  өндірісшілердің  жұмыс 
қабілеттілігін қалпына келтіру факторы ретінде 

 
162 
8.  Дене  шынықтыру-білім  беру  арнайы  семинарлары  мен 
қолданбалы мазмұндағы бағдарламаларды жасау мене іс жүзіне 
енгізу; 
9. 
КҚДД 
мен 
қолданбалы 
дене 
шынықтырудың 
экономикалық маңыздылығын негіздеу; 
10.  Кəсіпорындар  мен  жоо-лар  арасында  мақсатты  түрде 
мамандар 
дайындау 
келісімдеріне 
бітірушілердің 
дене 
дайындығы  мен  денсаулық  жағдайына  байланысты  талаптарды 
іске қосу; 
11.  Қазіргі  жағдайларда  кəсіпорындарда  қолданбалы  дене 
шынықтыруды  дамытуды  жəне  оның  экономикалық  тиімділігін 
бағалау тəсілдерін басқару негіздерін жасап шығу; 
12.  Еңбек  жағдайларын  оңтайландыру  мен  мен  оның 
өнімділігін  арттыру  үшін  қолданбалы  дене  шынықтыру 
тəсілдерін  пайдалану  қажеттілігі  туралы  ебек  заңнамасына 
ұсыныстар енгізу; 
13. Келесі міндеттерді шешуге бағытталған кəсіпорындарда 
бұрын болған дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары немесе 
психологиялық демалыс бөлмелерін қайта жаңғырту: 
-  еңбек  процесі  мен  ол  аяқталған  кезде  жалпы  жəне  кəсіби 
жұмыс қабілетін қайта қалпына келтіру; 
-  еңбектің  зиянды  факторлары  мен  кəсіби  зияндылық 
əсерінің алдын алу; 
-  кəсіби  маңызды  жəне  психикалық  сапалар  мен  қозғалыс 
дағдыларын  жоғары  деңгейде  дамыту  мен  қолдау;  қайта 
қалпына келтіру[ 115, б.53 ]. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет