Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты


Оқушының  дарындылығын,  спорттық  көрсеткіштерін



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата08.04.2020
өлшемі1,14 Mb.
#61983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
k090620154


Оқушының  дарындылығын,  спорттық  көрсеткіштерін 
ескеріп,  нақтылы  спорт  түріне  іріктеуді  спорттық  іріктеу 
дейміз.  
Спорттық  көрсеткіштер:  спорт  түрлері  жаттығуларының 
техникасын  жақсы  меңгере  білуі,  дене  қуаты  дайындығын 
анықтайтын  сынақ  жаттығуларынан  жақсы  көрсеткіштер 
көрсетуі, сол спорт түріне қажет дене қуаты қасиеттерінің даму 
деңгейі т.с.с. 
Жаттықтырушы  дарынды  балаларды  іріктеп  алып,  оларды 
жоғарғы  жетістіктерге  жеткізуді  жауапкершілігіне  алады. 
Спорттағы іріктеу бірінші жəне екінші іріктеу деген екі кезеңге 
бөлінеді.  
Бірінші  іріктеу  -  келешек  спортшымен  танысу,  оны  жан-
жақты зерттеу. Ол мынандай əр түрлі іріктеу түрлерінен тұрады: 
- қозғалыс қасиеттерін əр түрлі сынақтар арқылы бағалау; 
- дене құрылысы ерекшеліктерін көру, бағалау; 
- психо-физиологиялық тексерулер (сұрақ қою əдісі); 
- ата-аналарымен танысу. 
Екінші іріктеу кезеңінде жас спортшының қабілеттілігі жəне 
бастапқы мамандану кезіндегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу 

 
14 
кезінде 
баланың 
морфологиялық 
ерекшеліктеріне 
назар 
аударған  жөн  (ағзаның  құрылысы  жəне  дене  мүшелері).  Спорт 
түрлері  адамның  морфологиясына  əр  түрлі  талаптар  қояды. 
Мысалы,  найза,  граната,  диск  лақтырушылардың  ұзын  бойлы, 
ауыр  салмақты  болуымен  бірге  айналу  амплитудасы  мен  ұшу 
жылдамдығы  үшін  қолдары  да  ұзын  болуы  шарт.  Жеңіл 
атлетикамен айналысушылардын аяқтарының ұзын болуы қажет 
т.с.с.  
Жоғары спорттық көсеткіштерге жету үшін суда жүзу спорт 
түрлеріндегі 
баланың 
алақаны 
мен 
табанының 
жалпақ 
болуының бірталай əсері бар. 
Баланың  денесінің,  дене  мүшелерінің  өсуін,  келешекте 
қандай  болуын  болжап,  бағдарлаудың  да  көп  маңызы  бар. 
Мысалы, баланың бойы 8-9 жас кезінде жанындағы балалардан 
жоғары  болса ол  18-19  жасқа  дейін солай  болып сақталады.  Ал 
салмағының  келешекте  қандай  болатынын  болжап  айту  өте 
қиын. 
Физиологиялық 
ерекшеліктер. 
Физиологиялық 
ерекшеліктер  ағзаның  козғалысын  ғана  емес,  вегетативтік 
(қызметтік)  жүйесінің  сипаттамасын  да  көрсетеді.  Жүгіру, 
шаңғы,  коньки  спорттарын  іріктеу  кезінде  оттегін  (ауаны) 
барынша керек ету деңгейін арнайы аппаратпен тексеру арқылы 
зерттейміз.  Ол  деңгей  неғұрлым  жоғары  болса,  адамның  сол 
спорт түрлерінен мүмкіндіктері көп болады. Жаттықтыру жасау 
арқылы  ол  деңгейді  тек  20-30  пайыз  ғана  көтере  алатынын 
ғалымдарымыз  дəлелдеп  отыр.  Сондықтан,  спортқа  бейім 
табиғи  дарынды  балаларды  іздеу  қажет.  Адамның  қозғалыс 
мүмкіндіктері жаттығулар арқылы тексеріледі. 
Психологиялық  ерекшеліктер.  Оқушылар  нерв,  жүйке 
жүйелеріне  байланысты  мықты  жəне  шапшаң  психикалы 
спортшылар деп бөлінеді. Күрделі жағдайларда жүйке жүйелері 
мықты спортшылар, ал бірқалыпты, ұзақ жұмысты керек ететін 
спорт  түрлерінде  шапшаң  жүйке  жүйелі  спортшылар  көп 
жетістіктерге жететіні дəлелденген. Жүйке жүйелерінің күштері 
қозу  процесінің  ұзақ  сақталуына  (яғни  қозуды  орталық  жүйке 
жүйесінде  ұзақ  сақтай  алу  мүмкіншілігі),  қозу  жəне  тежелу 
процестерінің  теңдігіне  байланысты.  Жүйке  жүйесі  шапшаң 

 
15 
спортшыларда  қозу  процесі  тежелу  процесінен  көбірек 
болғандьқтан олар тез шаршайды. 
Бірақ, 
кейбір 
спорт 
түрлерінің 
өз 
типологиялық 
ерекшеліктері  болады.  Мысалы,  спринтерлердің  жүйке  жүйесі 
шапшаң  болуы,  жүйке  қозғалыстары  кезінде  қозу,  тежелу 
процесінен  көбірек  болып  келуі  қажет.  Жүйке  жүйесі  шапшаң 
адам бокста, семсерлесуде т.б. осыларға ұқсас спорт түрлерінде 
жоғары  жетістіктерге  жете  алады.  Жүйке  жүйесінің  осы 
ерекшеліктері  туа  бітер  қасиет,  ол  жаттықтыру  кездерінде  көп 
өзгере 
қоймайды, 
сондықтан 
спортқа 
іріктеуде 
осы 
психологиялық ерекшеліктерге көңіл аударған жөн. 
Тұқым  қуалаушылық  факторлары.  Қазіргі  кезде  тұқым 
қуалаушылық факторларға ерекше назар аударылып отыр. Адам 
ағзасының  құрылысы,  салмағы  ата-анадан  балаға  тұқым  қуалау 
арқылы  берілетіні  дəлелденген.  Ата-ана  мен  баланың  қозғалыс 
кабілеттілігінің  арасында  байланыс  бар  екені  белгілі  (мысалы, 
қысқа  кашықтыққа  жүгіру,  ұзындыққа  секіру  т.б.).Атақты 
спортшылар  балаларының  жоғары  спорттық  көрсеткіштерге 
жетуге мүмкіндігі əлдеқайда көп. 
Спорт түрін таңдау себептері.  
 ¥л  балаларда  спорт  арқылы  дене  қасиетін  дамытуға,  өзіне 
сенімділікке,  мықты,  күшті  болуға  ұмтылушылық  байқалады. 
Қыз  балалар  əдемі  қимыл  мен  мүсін  сұлулығын  жасауға 
ұмтылады.  Балалардың  спорт  түрін  таңдауына  жалпылама  үгіт, 
насихат  көп  əсер  етеді.  Сонымен  қатар,  ата-аналары  да 
баласының қай спортқа бейім екендігін байқап сол спорт түріне 
жазылуға ақыл-кеңестерін бергені жөн. 
Жаттықтырушылар іріктеу  мен  бағдарлау  кезінде көптеген, 
əр түрлі амалдар қолданады: 
1.  Жарыс.  Бұл  амал  ресми  жəне  əр  түрлі  бəсеке  түрінде 
өткізіледі. 
2.  Жаттықтыру.  Спортшының  қабілеттілігін  жаттықтыру 
сабақтары кезінде бағалау. 
3.  Бақылау  сынақтары.  Жаттықтыру  кезінде  қолданылатын 
негізгі жаттығу түрлерінен сынақтар алу. 
4.Адам  ағзасын  зерттеу.  Баланың  қабілеттілігін  əр  түрлі 
аппараттар арқылы тексеру. 
 

 
16 
4. Спорттық жаттықтырудың негізгі əдістері мен амалдары 
 
Спорттық жаттықтырудың амалдары 
 
Дене  мəдениеті  жүйесінің  арнайы  саласы  болғандықтан 
спорт  жаттықтыруларында  өзіндік  амалдар  қолданылады.  Ол 
амалдардың  көлемі  мен  құрамы  спорттық  жаттықтыру 
міндеттеріне байланысты болады. 
Жаттықтырулардың 
негізгі 
амалы 
дене 
тəрбиесі 
жаттығулары үш топқа бөлінеді: 
1. Жарыс жаттығулары. 
2. Арнайы дайындық жаттығулары. 
3. Жалпы дайындық жаттығулары. 
Жарыс  кезінде  орындалатын  негізгі  жаттығуларды 
жарыс  жаттығулары  дейміз.  Барлық  жарыс  жаттығулары 
жарыс ережесіне сəйкес орындалуы керек. 
Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс 
жаттығуларына  дайындау  үшін  қолданылады.  Ол  5  топқа 
бөлінеді: 
-  жақындататын  жаттығулар  -  негізгі  жаттығуларды 
меңгеруді жеңілдететін қимыл-əрекеттер; 
- дайындық жаттығулары - негізгі жаттығуларды меңгеруге 
қажет дене қуаты қасиеттерін (күш, жылдамдық, төзімділік т.б.) 
дамытатын жаттығулар; 
- жарыс жаттығуларының бір бөлшегі түрінде орындалатын 
жаттығулар. 
Мысалы, 
гимнасттардың 
орындайтын 
жаттығуларының 
бөлшектері, 
жеңіл 
атлеттердің 
жүгіру 
қашықтықтарының бөлімдері т.б.; 
-  бейнелеу  жаттығулары  -  жарыс  жаттығуларын  кеңістікте 
бейнелеу түрінде орындалатын жаттығулар (мысалы, конькимен 
жүгірушінің дөңгелекті конькимен жүгіруі т.б.); 

басқа 
спорт 
түрлерінің 
жаттығулары 
(мысалы, 
акробатикадағы  сальто  жасауды  суға  секірушінің  қолдануы 
ж.т.б.). 
 Жалпы 
дайындық 
жаттығулары 
спортшының 
айналысатын  спорт  түрінің  негізгі  жаттығуларына  көп 
ұқсамайды,  спортшының  қимыл-қозғалыс  қорын  көбейтуге, 
жалпы  жаттыққандығын  жоғарлатуға  арналады.  Дайындық 

 
17 
кезеңдеріне  байланысты  жалпы  дайындық  жəне  арнайы 
дайындық жаттығуларының көлемі өзгеріп отырады. 
Спорт жаттықтыруларының əдістері 
Спорт жаттықтырулары дене мəдениеті жүйесінің бір бөлігі 
болғандықтан  спортшы  дайындығына  бұрын  теория  бөлімінде 
оқыған  дене  тəрбиесі  əдістері  қолданылады.  Бірақ  ол  əдістер 
спорттық 
жаттықтыруларда 
басқаша 
түрде, 
сипатта, 
жаттықтыру  ерекшеліктеріне  байланысты,  əр  түрлі  бес  үлкен 
топтарға бөлініп қолданылады  
Бірінші  топ  əдістері.  Бірінші  топ  əдістері  қозғалыс 
əрекеттерінің  ерекшеліктеріне  байланысты  қатаң  шектелген 
жаттығулар, ойын жəне жарыс жаттығулар əдістері деп бөлінеді 
(10-сурет).  Қатаң  шектелген  жаттығулар  əдістері  жаттығуды 
орындау  мазмұны,  жүктеме,  тынығу  аралығының  қатаң 
шектелуіне  байланысты,  стандартты,  ауыспалы,  кешенді  деп 
бөлінеді.  Стандартты  орындау  əдісі  бірқалыпты,  қайталау  жəне 
стандартты-ағымды əдістер деп үшке бөлінеді. 
Бірқалыпты  орындау  əдісі,  циклдік  жаттыгуларды  ұзақ 
уақытқа,  тынығу  аралығынсыз  орындау  түрінде  қолданылады. 
Көбінесе  циклді  спорт  түрлерімен  жаттығатын  спортшыларды 
дайындауда 
қолданған 
жөн. 
Бұл 
əдіс 
ұзақтығымен, 
толассыздығымен 
жəне 
бір-қалыптылығымен 
білінеді 
(төзімділік қасиетін дамытады). 
 Қайталау  əдісі  кезінде  жаттығулар  қатаң  шектелген  уақыт, 
толық  тынығу  аралығы  арқылы  қайта-қайта  орындау  түрінде 
қолданылады. 
Стандартты-ағымды 
əдіс 
кезінде 
жалпы 
дамыту 
жаттығуларын  тынығу  аралығынсыз,  бірінен  кейін  бірін, 
ағымды,  толқын  түрінде  орындаймыз.  Мысалы,  балуандардың 
дене  қыздыру  кезіндегі  арнайы  акробатикалық  жаттығуларды 
бірінің артынан бірі кілемде қайталай орындауы (алдыға аунап, 
артқа аунап, оң жақ, сол жақ иықпен аунап түсулер т.с.с). 
Бірқалыпты-үдемелі əдіс, циклді жаттығуларды бірқалыпты 
орындап  келіп  аяққы  бөлімінде  үдеу  түрінде  орындалады. 
Мысалы, 300 метр - бірқалыпты, 100 метр - үдей жүгіру. 
 Аралық  орындау  əдісі  жаттығуларды  сериялы  түрде 
орындау  кездерінде  қолданылып,  тынығу  аралықтары  қатаң 
шектелуін керек етеді. 

 
18 
Жаттығуларды  орындау  кезінде  тынығу  аралықтары  бір 
жағдайларда  ұзара  түсу,  кейбір  жағдайларда  қысқара  түсу, 
немесе бірқалыпты уақыт аралықтарында қолданылады. 
Аралас 
орындау 
əдісі 
жаттығуларды 
орындау 
қозғалысының, қарқынының өзгере орындалуын талап етеді. 
Фартлек  əдісі  кезінде,  ашық  алаңда,  спортзалдағы  ойын 
түріндегі жүгіру жаттығулары əр түрлі қарқында орындалады. 
Айналма  жаттығу  əдісі кезінде, шеңбер  түрінде  орналасқан 
«станциялардағы»  жаттығулар  бір  уақытта,  шеңбер  бойымен 
айналу түрінде орындалады. Бір жаттықтыру сабағында 2-5 рет 
айналым жасауға болады. 
Ойын əдісі. Спорттық жаттықтыруда ойын əдісі үш нұсқада 
кол-данылады: 
-  дайындық  жаттығулары  жəне  қозғалмалы  ойындар 
(мысалы, регбиді тізерлеп ойнау) бірге қолданылады; 
-  арнайы  ойластырылған  дайындық  ойындарын  қолдану 
(мысалы, пионербол); 
- классикалық спорт ойындарын қолдану (баскетбол, футбол 
жəне т.б.); 
 Жарыс əдісі. Жарыс əдісі де спорттық жаттықтыруларда үш 
нұсқада қолданылады: 
- қысқаша бəсеке (сайыс, жолдастық кездесу) түрінде; 
- жартылай ресми жарыс түрінде; 
- толық ресми жарыс түрінде; 
Екінші топ əдістері.  
Жарыс 
жатығуларының 
техникасын 
меңгеру 
ерекшеліктеріне байланысты бұл топтың əдістері: 
-  бөлшектеп  үйрету  əдістері  (жаттығу  күрделі,  үйреніп, 
жетілдіруге көп уақыт, күш кететін жағайда қолданылады); 
-  тұтас  үйрету  əдістері  (жаттығу  қарапайым,  үйреніп, 
жетілдіруге  көп  уақыт,  күш  керек  етілмейтін  жағайда 
қолданылады); 
-  тұтас-бөлшектеп  үйрету  əдістері  (басқы  үйрету  кезеңінде 
бөлшектеп үйретіп алып, сонан соң жаттығу бөлшектерін қосып 
тұтас орындау керек кезде қолданылады). 
Үшінші топ əдістері. Ағзаның қызметтік мүмкіншіліктерін 
жақсартуға əсер ететін əдістер: 

 
19 
-  жеке,  таңдап  əсер  ету  əдістері,  арнайы  ағзаның  жеке 
функциялары  мен  механизмдерінің  қызметтерін  жасартуға 
қолданылады  (мысалы,  ағзаны  энергиямен  қамтамасыз  етудегі 
кретин  фосфаттың  көбеюіне  көмектесу,  оның  мүмкіншілігін 
дамыту); 
- кешенді əсер ету əдістері, ағзаның көптеген функциялары 
мен механизмдеріне бір мезгілде əсер ету үшін қолданылады. 
Төртінші  топ  əдістері.  Жарыс  əрекетін  үлгілеу  əдістері 
жарысқа ұқсата ұйымдастырылған жағдай кезінде қолданылады. 
Жарыс  əрекетінің  үлгілерін  жеке қозғалыс  əрекетін  жетілдіруге 
немесе толық үлгілеу кездерінде қолданылады. Бұл топ əдістері 
спортшыны  үлкен  жарысқа  дайындаудың  немесе  рекордтық 
нəтижеге  қол  жеткізудің  тактикалық  дайындығы  кездерінде 
орындалады. 
Бесінші  топ  əдістері.  Спортшыларды  дайындау  түрлерінің 
ерешеліктеріне  байланысты  спорттық  жаттықтыруда  мынандай 
дайындық жақтарын дамыту əдістері қолданылады: 
- дене қуаты; 
- техникалық; 
- тактикалық; 
- психологиялық; 
- теориялық. 
Қозғалыс техникасын жетілдіру үшін жалпы педагогикалық: 
көрнекі  көрсету  жəне  сөз  қолдану  əдістері  жаттықтыру 
сабақтарында 
кең 
қөлемде 
пайдаланылады. 
Спорт 
жаттықтыруларында  қазіргі  кезде  босаңсыту  əдісі  де  өте  көп 
қолданылады.  Ол  жоғары  қарқындағы  үлкен  жүктемелерден 
кейін ағзаны тез қалпына келтіруге көмектеседі (монша, массаж, 
фармакологиялық  дəрі-дəрмектер,  музыка,  гипноз,  аутогендік 
жаттықтырулар т.б.). 
 
5. Спорттық жаттықтырудың қағидалары 
 
Спорт  жаттықтыруының  өзіндік  ерекшелігі  өзіне  тəн 
қағидаларын тудырады. 
Айналысқан  спорт  түрін  терең  меңгеру,  өз  жеке  бас 
мүмкіншіліктерін  пайдалана  білу,  жоғары  көрсеткіштерге 
жету  қағидасы.  Егер  дене  тəрбиесі  жаттығуларын  жəй  көңіл 

 
20 
көтеру,  денсаулықты  нығайту  мақсаттарында  орындасақ,  спорт 
түрлерінің  жаттықтырулары,  жоғарғы  жетістіктерге  жету 
мақсатында,  адам  ағзасының  мүмкіншіліктері  шегіне  жақын 
немесе  шегіне  жету  секілді  жоғары  деңгейлерде  қолданып, 
орындалады. Спорттық жаттықтырулардың сипаты - жүктеменің 
жоғары  деңгейі,  жүктеме  мен  тынығу  алмасуының  алдыңғы 
қатарлы  жүйесі,  циклдіктің  айқын  білінуі  т.с.с.  Бұл  қағиданың 
негізгі  мақсаты  -  спортшының  санасында  жоғары  спорттық 
шеберлікке жету мақсатын қалыптастыру. 
Біртіндеушілік  қағидасы  -  жүктемені  жоғары  деңгейге 
дейін бір-тіндеп өсіру. 
Даралық  қағидасы  -  спортшының  талантына,  жеке  басы 
мүмкіндігіне, өзіндік жаттығу техникасын орындау ерекшелігіне 
байланысты жаттықтыру əдістемесінің өзгеруі. 
Жүйелілік  қағидасы  (немесе  жаттықтыру  процесінің 
үзіліссіздігі). 
Спортшының  ағзасын  жаттықтырып,  жақсы  спортгық 
жетістіктерге  жеткізу  үшін,  спорттық  жаттықтыру  үрдісі  бір 
жылға жəне көптеген жылдарға арналып құрастырылады. 
Ғалымдар  мен  жаттықтырушылар  кейінгі  кездері  жоғары 
дəрежелі  спортшылардың  жаттықтыру  əдістемесіне  көп  көңіл 
бөлуде.  Сонда  жыл  сайын  жоғары  дəрежелі  спортшылардың 
жаттықтыру  əдістемесі  өзгеретіндегі,  сол  арқылы  да  олар  өте 
жоғары  көрсеткіштер  көрсететіні  анықталады.  Спортшы  өзінің 
энергиясын,  күшін  керек  уақытта  жинақтап,  бір  мақсатқа 
пайдалануы  үшін  психологиялық  дайындыққа  көп  көңіл 
аударуға тиіс. 
Циклдік 
кағидасы. 
Жүйелік 
жəне 
біртіндеушілік 
қағидалары  жаттықтыру  циклдерін  құрғанда  айқын  білінеді. 
Циклдік - дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі жаттықтыру үрдісі 
бөлімдерінің  аяқталған  жиынтығы.  Əрбір  келесі  циклде 
жаттықтыру  кезіндегі  жүктеме  өсіп  отырады.  Циклдер: 
микроциклдер 
(апталық), 
мезоциклдер 
(айлық) 
жəне 
макроциклдер (жылдық) деп бөлінеді. 
Жүктеме  қозғалысының  толқындылық  қағидасы.  Дене 
қуаты жүктемелері əр түрлі көлемде толқын түрінде өтеді. Олар 
кіші, орта жəне үлкен толқындарға бөлінеді. 

 
21 
Кіші  толқындар  -  микроциклдегі  жүктеме  қозғалысының 
толқын  түрінде  өзгеру  сипаты.  Орта  толқындар  -  мезоцикл 
көлеміндегі  жүктеме  қозғалысының  өзгеру  сипаты.  Үлкен 
толқындар 

макроцикл 
кезеңдеріндегі 
жүктеме 
қозғалыстарының өзгеру сипаты. 
Жалпы жəне арнайы дайындықтардың бірігу қағидасы. 
Спорт жаттықтыруының негізгі міндеті адам ағзасын жан-жақты 
дамыту  болып  табылады.  Бүл  процесс  жалпы  жəне  арнайы 
дайындықтың өзара байланысуы арқылы орындалады. 
Жалпы  дайындық  кезінде  жоғары  спорт  көрсеткіштерін 
өсіру  үшін  керек  əр  түрлі  дене  қуаты  қасиеттері  дамытылады, 
кең  көлемде  қимыл-козғалыс  шеберлігі  мен  дағдылары 
игеріледі.  Арнайы  дайындық  кезеңінде  таңдап  алған  спорт 
түріне  керек  дене  қуаты  қасиеттері  дамытылады,  қимыл 
шеберлігі  жетілдіріледі.  Спортшылардың  жалпы  жəне  арнайы 
дене  қуаты  дайындығы  дайындық  кезендеріне  байланысты 
өзгертіліп отырылады. Дайындық кезеңінде жалпы жəне арнайы 
дайындық  көлемінің  пайыздық  ара  қатынасы  -  60-40%,  жарыс 
кезеңінде  -  20,  30-80,  70%,  өтпелі  кезеңде  80-20%  болып 
өзгереді.  Бұл  спорт  түрлеріне,  спортшылар  квалификациясына 
байланысты. Жоғары дəрежелі спортшыларға арнайы дайындық 
көлемі көбірек беріледі.  
 
2. Семинарлық сабақтар  
2.1.  Қазіргі  кезеңде  спорт  теориясы  дамуының  негізгі 
мəселелері 
Мақсаты  –  қазіргі  кезеңде  спорт  саласында  қолданалатын 
терминдерді жəне спорт түрлерінің типологиясы, сонымен қатар 
спорттағы  бағдарлау  мен  іріктеудегі,  спорттық  жаттықтырудың 
əдістемесінде 
жаңа 
қөзқарастары 
туралы 
ептіліктермен 
дағдыларды қалыптастыру. 
Жоспар:  1.  Спорт  теориясында  бастапқы,  функционалды 
жəне қорытынды ұғымдардың арасындағы байланысы. 
2. Спорт түрлерінің типологиясында негізгі мəселелер жəне 
оларды шешу жолдары. 
3. Спорттағы бағдарлау мен іріктеудегі негізгі ерекшеліктер.  
4.  Спорттық  жаттықтырудың  амалдары  мен  əдістеріндегі 
жаңа қөзқарастар. 

 
22 
Əдістемелік нұсқаулар 
 
1.  Спорт  теориясындағы  негізгі  терминдерді  дəптерге 
жазып,  олардың  қай  топтарға  жататынын  /  бастапқы, 
функционалды жəне қорытынды / анықтаңыз.  
2.  Əрбір терминнің мазмұнына қарап, олардың бір-бірімен 
байланысын анықтау қажет. 
3.  Спорт  саласында  спорт  түрлерінің  топтастырылуының 
ерекшеліктерін дəптерге жазыңыз. Қазіргі таңда Мамытов А.М. 
тағы  басқа  ғалымдардың  пікірлері  бойынша  осы  салада  қандай 
перспективалары болып тұр. 
4.  Спорттағы  іріктеудің  бірінші  жəне  екінші  кезендерінің 
арасындағы 
айырмашылығын 
көрсетіңіз. 
/Өзіңіздің 
шұғылданатын спорт түрі арқылы/. 
5. Спорттық жаттықтырудың қазіргі таңда жаңа əдістері мен 
амалдарын  дəптерге  жазып  сипаттама  беріңіз.  Олардың 
бұрынғы  амалдар  мен  əдістеріне  қарағанда  қандай  тиімді 
жақтары бар. 
 
3.ОСӨЖ 
3.1 Тақырып: Спорт теориясының түсінік аппаратында 
жəне түрлерінің типологиясындағы негізгі мəселелер. 
Мақсаты  –  қазіргі  кезеңде  спорт  саласында  жаңа 
терминдердің  жəне  спорт  түрлерінде  жаңа  бағыттардың  пайда 
болуының негізгі себептерін анықтау. 
Жоспар:  1.  Спорт  саласында  жаңа  терминдердің  пайда 
болуы жəне оны анықтайтын негізгі факторлар. 
2.  Қазіргі  кезеңде  спорт  түрлерінің  жаңа  түрлерінің  пайда 
болуы жəне оны анықтайтын факторлар. 
 
Əдістемелік нұсқаулар 
 
1.  Қазіргі  кезеңде  спорт  теориясындағы  жаңадан  пайда 
болған  терминдерді  /кəсіптік  спорт,  əуесқой  спорты,  супер-
жетістілік  спорты,  коммерциялық  спорты/  дəптерге  жазып, 
олардың анықтаңыз.  

 
23 
2. 
Əрбір  терминнің  мазмұнына  қарап,  оларды  анықтайтын 
факторларын дəлелдеңіз. 
3. 
Спорт  саласында  қандай  жаңа  спорт  түрлері  пайда 
болды  екендігі  туралы  дəптерге  жазыңыз.  Оларды  анықтайтын 
факторларды дəлелдеңіз. 
 
3.2  Тақырып:  Спорттағы  бағдарлау  мен  іріктеуде, 
спорттық 
жаттықтырудың 
əдістемесіндегі 
жаңа 
қөзқарастар. 
Мақсаты  -  қазіргі  кезеңде  спорттағы  бағдарлау  мен 
іріктеуде,  спорттық  жаттықтырудың  əдістемесіндегі  жаңа 
қөзқарастарды анықтау. 
Жоспар:  
1. Қазіргі таңда іріктеудің бірінші жəне екінші кезеңдерінің 
ерекшеліктері. 
2.  Қазіргі  таңда  спорттық  жаттықтыруда  жаңа  əдістер  мен 
амалдар. 
3. Қазіргі таңда спорттық жаттығулардың қағидаларындағы 
өзгерістер. 
 
Əдістемелік нұсқаулар 
 
1.Қазіргі  таңда  іріктеудің  бірінші  жəне  екінші  кезеңдерінің 
ерекшеліктерін анықтаңыз. 
2. Қазіргі  таңда  спорттық  жаттықтыруда  жаңа  əдістер  мен 
амалдардың қолдануының тиімділігін дəлелдеңіз. 
3. Қазіргі  таңда  спорттық  жаттықтыруда  есепке  алынатын 
жаңа қағидаларына сипаттама беріңіз. 
 
4. СӨЖ 
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау
1. 
Спорт 
теориясындағы 
бастапқы, 
функционалды, 
қорытынды ұғымдардың арасындағы байланысы. 
2.  Қазіргі  таңда  ғалымдардың  спорт  теориясындағы 
ұғымдарына көзқарастары. 
3.  Қазіргі  таңда спорттың  қазіргі  түрлерінің  типологиясына 
ғалымдардың көзқарасы. 

 
24 
4. 
Спорттың 
қазіргі 
түрлерінің 
типологиясынының 
перспективалары. 
5.  Өзінің  шұғылданатын  спорт  түрінен  жасөспірім  спорт 
мектебінде жас спортшыларды іріктеудің ерекшеліктері. 
6. Қазіргі кезеңде спорттық жаттықтырудың жаңа əдістері. 
7.  Өзінің  шұғылданатын  спорт  түрінен  макроциклдік 
дайындық,  жарыс,  өтпелі  кезеңдерінде  спорттық  жаттықтыру 
амалдарының қолдану ерекшеліктері. 
8.Өзінің 
шұғылданатын 
спорт 
түрінен 
спорттық 
жаттықтыру қағидаларын жүзеге асыру ерекшеліктері. 
 
СӨЖ орындау үшін əдістемелік нұсқаулар 
 
а) Баяндаманы келесі құрылым схема бойынша дайындаңыз: 

  тақырып; 

  тақырыптың өзектілігі; 

  баяндамаға тиісті негізігі ұғымдарды анықтаңыз; 

  теориялық сипаттама; 

  қорытынды. 
ə) Ұсынылған əдебиеттерді силлабуста қараңыз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет