Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс



Pdf көрінісі
бет62/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   112
Байланысты:
deloproizvod umk

Резюме
 
Резюме француз тілінен алынған термин. «Айтылған немес жазылған мәселенің 
қысқаша түйіні» деген мағына береді. 
Түіндеме белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеьерлігі, 
біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Жазылған 
түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беруі үшін, онда сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен 
жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме 
жазу сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз –
өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды 
көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Осыған орай, резюме қалай 
жазылу керек деген мәселеге де тоқтала кетейік. 
Түйіндеме жазуды неден бастау керек? Алдымен мына құжаттарды даярлап алыңыз. 
1.
орта білім туралы аттестат;
2.
орта дәрежелі арнайы немесе жоғары оқу орнын бітіргендігіңіз жөніндегі диплом 
(егер сіз бірнеше оқу орнын бітірсеңіз, оның бәрін алдыңызға дайындап қойыңыз);
3.
түрлі курстарды (шет тілдері, хатшылық, іс жүргізушілік, қайта дайындау, білім 
көтеру т.б.) бітіргендігіңіз жөніндегі куәлік, анықтама т.б. құжаттар;
4.
еңбек кітапшасы немесе оның көшірмесі;
5.
штаттан тыс істеген жұмыс орындарыңыз бен ондағы атқарған қызметтеріңіз жөнінде 
мәлімет;
6.
алған наградаларыңыз жөніндегі құжат;
7.
соңғы жұмыс я оқу орындарынан алған мінездемелеріңіз;
8.
сіздің көздеген жұмыс орнын алуға септігі тиеді; практикалық мәні болуы мүмкін деп 
тапсаңыз, атқарған қоғамдық жұмыстарыңыз, қатысқан бірлестік, клуб, секцияларыңыз 
туралы мәліметтерді де дайындау қажет.
Егер ғылыми дәрежеңіз болса, маңыздыларын атап көрсетіңіз.
Қызмет бабымен турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңызда көрсетіледі. Шет 
тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендіңіз де көрсетіледі.


53 
Жеңіл машина немесе транспорттың басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету 
де артық болмайды. Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын аша түсетін өз 
мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтіңіз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми 
жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын. 
Енді дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті 
мәліметтерді ойша реттеп алып, резюменің қолжазбасын дайындауға кірісіңіз. Жоғарыда 
айтылған құжаттар мен мәліметтерді дайындап алғаннан кейін түйіндеме жазып шығу қиын 
болмайды. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет