4
І. ОҚЫТУ
-
ӘДІСТЕМЕЛІК БЛОК
1.1.Теориялық бөлім
1.
Практикалық сабақтың тақырыбы:
Мемлекеттік тілде іс жүргізу курсының мақсаты
мен міндеті.
Сабақтың мақсаты:
Студенттердің мемлекеттік тілде іс жүргізу курсының мақсат
-
міндеттерімен және құжат толтыру заңдылықтарымен таныстыру.
Мемлекеттік тілдің
қоғамдағы орнын түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Іс жүргізу туралы нақты мәлімет.
Курсқа түсініктеме
Іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін белгілеу
арқылы барлық мемлекеттік
ұйымдарда және жергілікті өзін
-
өзі басқару органдарында мемлекеттік тілдің іс жүзіндегі
негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету жоспарланған
болатын. Бұл міндет әрбір
мекемеде, жоғарғы оқу орындарында нормативті
-
жарлықшы құжат түрлерін,
азаматтық
қарым
-
қатынаста жиі қолданылатын іс қағаздарын, іскери хат түрлерін жүргізуге үйрету
курстарын мақсатты және сапалы өткізуді талап
етеді.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі
-
оның
қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша
жүргізілуі.
«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» курсы студенттерге ресми
-
іскерлік және ауызекі іскер
қарым
-
қатынас тілін оқытуға бағытталған. Аталмыш пән студенттерге төмендегідей білік
-
дағдыларды меңгертеді:
1)
басқару
-
реттеу қызметіне қатысты құжаттар;
2)
қарым
-
қатынасқа қатысты құжаттар;
3)
басқару
-
ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар;
Сонымен қатар іскерлік,
оның мәні, іскери
-
ресми кездесу этикеті, өз ісін жарнамалау,
іскери семинар, көрме, оларды ұйымдастыру, т.б. мәселелерді қамтиды. Аталаған
тақырыптардың әр қайсысына сол іс қағаздарының жазылу стилі де қоса үйретіліп
отырылады. Бұлар пән бағдарламасының
лабораториялық жұмыс, студенттердің
оқытушымен өзара жұмысы, студенттердің өздік жұмысы бөлімдері арқылы жүзеге
асырылады.
Пән мақсаты
-
әрбір ресми құжат басқару қызметіне қатысты көлемінде заң күшіне ие.
Сондықтан олардың нысаны мен құалы болуы талап етіледі. Осыған орай, қазақ тілінде
ресми құжаттарды
әзірлейтін және реттеу, құжаттау ісімен айналысатын маманның тілді
жақсы біліп шығуын басты мақсат деп санаймыз. Сондықтан мемлекеттік тілімізді білетіндер
де, оны оқып үйренушілер де құжат түрімен жан
-
жақты, сауатты түрде жұмыс істей білулері
керек.
Пән міндеті
–
мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде, ұйымдар
мен кәсіпорындарда мемлекттік тілде іс жүргізу қатынас қағаздарын толтыру,
құжат
айналымын іске асыру басты міндеттердің бірі болып отыр. Бұл пәннің міндеті –
іс
қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының
бірі екендігін ұғындыру; іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін білдіру; іс
қағаздарын жүргізудің тарих, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын
көрсету. Осылайша, болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын
толтыру әдістері мен оның
мемлекеттік стандарттары, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен
қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың септігі тиюін
қамтамасыз ету.
Ресми құжаттарды жасайтын, жүргізетін, жазатын маманның кәсіби
біліктілігі талап етілетіндігін түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: