Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс


- тапсырма. Мәтінді оқып, «қой өрісіндей», «дертке шипа», «сүйегіне сіңген дімкәс»



Pdf көрінісі
бет14/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   112
Байланысты:
deloproizvod umk

4-
тапсырма. Мәтінді оқып, «қой өрісіндей», «дертке шипа», «сүйегіне сіңген дімкәс» 
деген тіркестерінің қандай мағына беріп тұрғанын жазыңыз. 
 
 
 
 
«қой өрісіндей» 
 

«сүйегіне сіңген дімкәс»
 
 
 
«дертке шипа»
 
Көкшенің шыңына шыққанда, сұлу қыздың жасыл пүліш камзолына таққан тана 
моншақтай, күміс теңгелігіндей жарқырап, бәрі көрініп жатады. Мынау –
Бурабай көлі. Бір 
шеті мен бір шеті қой өрісіндей жер. Суы терең емес. Мықты атпен сүйір тастың тұсынан 
түсіп, Кеңесары үңгіріне дейін жүзіп өтуге болады. Бір кереметі осы көлдің маңы бойға –
қуат, дертке –
шипа. Сүйегіне сіңген дімкәс ауруы бар адам көл жиегінде бір жаз жатса, 
құлантаза жазылып шығады
. (З.Ақышев)
 
5-
тапсырма
.
 
Өздерің мекендеген ауыл, қаланың табиғат
 
көрінісін суреттеп, бірнеше 
мәтін құрастырыңдар. 
 
 
Ауызекі сөйлеу тілінің стилі
 
Ауызекі сөйлеу стилі адамдардың өзара қатынасуы арқылы іске асады. Адам өз 
ортасымен күнделікті түрлі қарым
-
қатынаста болады. Сол арқылы тіршілік жасайды, 
білім,тәжірибе жинайды, жетіледі, өседі. Ал қарым
-
қатынас негізінен, ауызекі тілдесу 
арқылы жүзеге асады. Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады және бірнеше түрге бөлінеді:
а) дидарластық сөз (әңгімелесу, сұхбаттасу);
ә) полемикалық (дауласу) сөз;
б) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).
Дидарластық сөз стилі екі немесе бірнеше, сондай
-
ақ одан да көп адамдардың бас 
қосқан сұхбатында қолданылады. Сондықтан мұндай сөзге қатысатын кісілер әңгіме 
қызықты, әсерлі болу үшін алдын
-
ала дайындалып келеді. Дидарластық әңгіме диалог 
түрінде де жүреді.
Даулы сөз пікір таластырушы немесе мүдделері қарсы кісілердің арасында болады. 
Даулы сөзде қарсы жақтың сөзіне полемикалық қатысты білдіретін тұлғалар пайдаланылады, 
риторикалық сұраулы сөйлемдер жұмсалады, өз пікірін дәлелді ететін аргументтер 
келтіріледі. Қарсы жақтың мысын басатын сөздер де қолданылады. Даулы мәселені шешуге 
әркімнің дайындалып стратегиясын, тактикасын құрып барғаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет