Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесінен сөйлем құрау



Дата24.04.2017
өлшемі30,71 Kb.
түріСабақ
Қазақ тілі. 4-класс
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесінен сөйлем құрау.

Сабақтың мақсаты: 1.оқушыларға екі немесе бірнеше сөзден тұратын сөз тіркесінің беретін

мағыналарын түсіндіре отырып, тиянақты білім беру;

2.сөз тіркестерін алмастыратын жеке сөздерге талдау жасауға үйрету,

оқушылардың тіл байлықтарын дамыту;

3. көркем, сауатты жаза білуге баулу;

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқыту әдістемесі, оқулық

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Әрбір адам?- Туысым, досым, жұрағатым.

Әрбір ісің? – Тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Өткенді қайталап, пысықтау.

ІІІ.Мағынаны тану, түсіну.

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

18-жаттығу.

Өлеңді жатқа жаз.

Қызыл алма,

Сары алма,

Кең даламның бәрі алма.

Толтыр қабын жомарттың,

Олжа болма сараңға!

Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркестерін тауып, сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

Мысалы: қызыл алма, сары алма.т.б.

Ү. Сергіту жұмысы:

1. Ой қозғау.

20-жаттығу.

Бағанның екі жағындағы сөздермен сөз тіркестерін құра. Аула, табиғат сөздерінің жалғауларын тап. Ол сөздерді жалғаусыз айтып көр. Сонда сөздер дұрыс байланыса ма?

2. Өзіндік жұмыс.

21-жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөз тіркесін аяқтап жаз. Сөз тіркесінің қай сөз таптарынан жасалғанын анықта.

Мысалы: (Қайда) Үйге келсем; (Кіммен) Самғатпен сөйлесті.т.б.

3.Ізденім стратегиясы.

22-жаттығу.

Берілген кестеге төмендегі сөз тіркестерін дұрыс орналастыр.

- Өзің қалаған сөз тіркестерімен бірнеше сөйлем құрап жаз.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ.Үйге тапсырма.48-бет. 19-жаттығу.Бағанның екі жағындағы сөздерден сөз тіркестерін құрап жаз.
Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем және құрмалас сөйлем. Есту диктанты.

Сабақтың мақсаты: 1. оқушылардың сөйлем, сөйлем түрлері туралы білімдерін нығайту.

2. оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру және

белсенділігін арттыру.

3. оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке,тапқырлыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызба, оқулық


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау.

Тірек –сызба бойынша жұмыс.

ІІІ. «Ой ашу» кезеңінің тапсырмасы.

а).Көркем жазу.

ә).Оқулықпен жұмыс.

ІҮ.Ой шақыру.

19- жаттығу. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу.

Сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін айту.

Жазған кезде құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісін қоясың?

Мысалы.Біздің сынып тәртіпті. (жай сөйлем)

Шәкірттері білімді болса, ұстаз қуанады.(құрмалас сөйлем)

Ү. Миға шабуыл.

20- жаттығу.Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып жазу.

1.Қыс түсті. Өзен суы қатты. (жай сөйлемдер)

Қыс түсіп, өзен суы қатты. (құрмалас сөйлем)

ҮІ. Есту диктанты.

ҮІІ. Талқылау.

21- жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Кестемен жұмыс.

Кестені пайдаланып дәлелдеу.




ол екі немесе одан да көп жай

сөйлемнен құралған.

Бұл - құрмалас

сөйлем, өйткені оның құрамындағы жай сөйлемдер

мағыналық жағынан байланысып,

үтірмен ажыратылған.


ҮІІІ.Өзіндік жұмыс.

22- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу.

ІХ. Сабақты қорытындылау.

Х.Бағалау.

ХІ. Үйге тапсырма. 23- жаттығу. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына тиісті



тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жазу.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет