Жеделхат
Жеделхат
–
ақпарат беру әдісі жағынан бірдей, әртүрлі мазмұндағы құжаттардың
жалпы түрдегі жинақтама атауы.
Жеделхаттың ішіне мыналар кіреді: қай категорияға жататыны туралы белгі; мекен
-
жайы, мәтіні, мәтінге қол қойған лауазымды адамның аты
-
жөні, жіберуші ұйымның
байланыс мекен
-
жайы, жіберуші лауазымды
адамның қолы, мөр, күні.
Халықаралық жеделхаттар орыс және латын шрифтерімен басылады. Халықаралық
жеделхат мәтіні 1,5 аралықта, тасқа басылған әріптермен, жаңа жолсыз, тасымалсыз,
түзетулерсіз басылады.
Халықаралық жеделхаттың сол жақ төменгі бұрышында нөмері, күні, орындаушының
аты
-
жөні, қызмет телефонының нөмірі көрсетіледі.
Телефонограмма
мынадай деректемелрді қамтиды: кәсіпорынның атауы, құжат түрі,
қабылдаушы, күні, индексі, мәтіні, қолы, жіберілу уақыты туралы белгі, телефонограмманы
қабылдаған және берген адамның лауазымы мен аты
-
жөні
Телефонограммалар бір данадан жасалып, оған басшы не орындаушы қол қояды.
Мәтіні 50 сөзден аспауы керек. Телефонограмма бірнеше қабылдаушы бойынша бірлесе,
онда қабылдаушы мекемелердің тізімі мен телефон нөмірері қоса
беріледі.
Телефонограмманы бергенде мынадай ұсыныстарды ескерген тиімді:
Қарапайым және жедел хабар беру;
Жазудың дұрыстығын қайталап оқу арқылы тексеру;
Қисыны күрделі мәтіндері жібермеу;
Сирек қолданылатын сөзді пайдалану.
33
10.
Практикалық сабақтың тақырыбы:
Анықтама, хабарландыру, түсініктеме
т.б.
Сабақтың мақсаты
: Студенттерге мәлімхат, акт, анықтама, хабарландыру
туралы мәлімет
беру.
Достарыңызбен бөлісу: |