Сабақтың барысы : 1. Студенттерді анықтаманың түрлерімен таныстыру.
2.
Өз бетінше анықтама құрастырып үйрету.
Анықтама –
қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат.
Анықтама жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның нұсқауымен жазылады. Ол
қажет ететін мәліметтерден ғана тұрады –
ұсыныс, қорытынды болмайды.
Мекеменің өз ішіне қажет
анықтамаға мекеме басшысы қол қояды.
Анықтама Анықтама –
мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын
ақпараттық
-
анықтамалық іс қағаздарының түрі. Анықтама жоғарғы органның немесе
жауапты қызметкердің нұсқауы бойынша жасалады.
Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты бізге әр кезеңде түрлі мекемелерге барып, әр
мазмұнда анықтамалар алуға тура келеді. Біздің жеке басымызды куәландыратын
құжаттарды жоғалтып алғанда да анықтама оның орнын уақытша ауыстыра алады.
Мекеме жетекшісі өз билігі мен өкілеттігінің шеңберінде анықтама беруге нұсқау береді
және оны растап қол қояды. Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір
ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы: тегі, аты
-
жөні, туған күні, туған жері, еңбек стажы,
атқаратын қызметі, білімі туралы мәлімет, мамандығы т.б. Анықтамада берілген мәлімет
әркез мұқият тексерілуі қажет. Мәліметтің дәлдігін тексерумен кадр бөлімінің қызметкері я
ұйым жетекшісі өкілдік берген хатшылар айналысады. Анықтамадағы қызметтік сипаттағы
мәліметті бухгалтерия бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды. Анықтама беру
жорналындағы рет санының өсу тәртібіне орай әр анықтамаға нөмір қойылады және бірнеше
дана берілсе ол да көрсетіледі.
Анықтама А5 форматты параққа дайындалады. Кейбір
көлемі үлкен анықтамалар үшін
А4 форматты қағаз парағы пайдаланылады.
Анықтама құрылымына мына мәліметтер кіреді:
1.
Құжат аты.
2.
Негізгі мәтін.
3.
Анықтаманың қай ұйымға берілгені туралы мәлімет.
4.
Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтама беруші
адамның қолы.
Үлгі:
Анықтама №74
21 қазан, 2008 жыл.
Осы анықтама Алматы қаласы, Абай даңғылындағы 15
-
үй, 56
-
пәтердің тұрғыны
Жақсылықов Болат Әлімжанұлына берілді.
Оның отбасында өзінен басқа үш адам
бар:
1.
Жұбайы –
Жақсылықова Майра Ғалымжанқызы, 1966 жылғы;
2.
Ұлы –
Жақсылықов Думан Болатұлы, 1990 жылғы;
3.
Қызы –
Жақсылықова Айжан Болатқызы, 1994 жылғы.
Анықтама әлеуметтік қамтамасыздандыру бөліміне тапсыру үшін берілді.
«Асар» тұрғын үй
ұжымының төрағасы
А.Қ.Айдаров
(қолы)