6
3) шығармашылық емтихан аяқталғанға дейін комиссия мүшелерінің
рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпауға;
4) емтихан материалдарымен алмаспауға, есептен шығармауға;
5) оқулықтарды, басқа да
әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс
құралдарын және интернетті аудиторияға енгізбеуге және пайдаланбауға
міндетті.
22. Осы Ережені бұзғаны үшін оқуға түсуші аудиториядан шығарылады.
Бұл ретте емтихан жұмысының титулдық парағына комиссия мүшелерінің
қолдарымен расталған жою себебі туралы жазба жасалады. Бұл жұмыс
жойылады.
23. Талапкер кешіккен немесе емтиханға дәлелді себеппен келмеген
жағдайда, ол шығармашылық емтиханды өткізудің дәлелді себебін растайтын
құжатты ұсыну туралы жазбаша өтініш негізінде
қабылдау комиссиясы
төрағасының рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта
шығармашылық емтиханға жіберіледі.
24. Шығармашылық емтиханды өткізіп жіберудің дәлелді себебі:
1) талапкердің ауруы (емдеу мекемесінің мөрімен расталған емдеу
мекемесінен ауруы туралы анықтаманы ұсынумен расталады);
2) төтенше жағдай, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (төтенше жағдай немесе
жол-көлік оқиғасы фактісін тіркеген мемлекеттік ұйымның анықтамасын
ұсынумен расталады);
3) туыстарының қайтыс болуы (ата-анасы, жұбайы, балалары,
асырап
алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері
мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі) (анықтамамен расталады).
25. Шығармашылық емтиханға дәлелді себеппен келмеген адамдар
оларға шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірмей
қосымша белгіленген уақытта жіберіледі.
26. Шығармашылық емтихандарға дәлелсіз себептермен келмеген оқуға
түсушілер емтихан тапсыруға жіберілмейді.
27. Шығармашылық емтихандарды қайта қатысуға және қайта тапсыруға
жол берілмейді.
28. Шығармашылық жұмыстарды тексеруді емтихан комиссиясының
мүшелері ғана жүргізеді.
29. Емтихан жұмыстарын тексеру
тек университет ғимаратында
жүргізіледі.
30. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау
ведомосімен және емтихан комиссиясының хаттамасымен еркін нысанда
ресімделеді.
31. Тексерілген жұмыстар, бағалау ведомостары және бағалары мен
тексеруші емтихан алушылардың, емтихан комиссиясы төрағасының қолдары
қойылған хаттамалар нәтижелерді жариялау үшін жауапты хатшыға (оның
орынбасарына) беріледі.
32. Шығармашылық емтиханның нәтижелерін қабылдау комиссиясы
емтихан өткізілетін күні жариялайды.
7
33. Емтихандарды өткізу кезеңінде
шығармашылық емтиханға
қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды
тапсырушы адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында құрамы төрағасын
қоса алғанда, мүшелердің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссия
құрылады.
34. Апелляциялық комиссиялар шығармашылық емтихан нәтижелерімен
келіспеген адамдардың өтініштерін қарау үшін құрылады. Апелляциялық
комиссияның төрағасы мен құрамы ЖОО басқарма төрағасы - ректор
бұйрығымен бекітіледі.
35. Апелляцияға өтінішті апелляциялық
комиссия төрағасының атына
шығармашылық емтихан тапсырған адам өзі береді, шығармашылық емтихан
нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылдайды
және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды.
36. Апелляциялық комиссия әрбір тұлғамен жеке тәртіппен жұмыс
істейді. Талапкер апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда
оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
37. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының
кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Шығармашылық емтихан
нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция жөніндегі шешім қатысып отырған
Комиссия
мүшелері
санының
көпшілік
даусымен
қабылданады.
Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда
төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның
жұмысы төраға және қатысып отырған комиссияның барлық мүшелері қол
қоятын хаттамамен ресімделеді.
38. Университеттің қабылдау комиссиясы
шығармашылық емтихан
аяқталған күні оқуға түсушілердің шығармашылық емтиханының нәтижелерін
Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіне береді.
Достарыңызбен бөлісу: