Бакалавриат қҰжаттарды қабылдау мерзімі І кезең



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі29,87 Kb.
#124194
  1   2   3   4
Байланысты:
бакалвриат-каз-—-копия-2
Әмит Мерей^J21 08.БОӨЖ-2тарих, Әмит Мерей^J21 08.БОӨЖ-2тарих, Әмит Мерей^J21 08.БОӨЖ-2тарих, бакалвриат-каз-—-копия-2

БАКАЛАВРИАТ


ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ
І КЕЗЕҢ



  1. Шығармашылық емтихан тапсыру үшін оқуға түсушілердің өтініштерін қабылдау өздері таңдаған ЖОО-ның мекен-жайы бойынша күнтізбелік жылғы 20 маусым және 7 шілде аралығында өткізіледі. Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8 және 13 шілде аралығында өткізіледі.

  2. «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау және арнаулы емтихан өткізу ЖОО–да күнтізбелік жылғы 20 маусым және 20 тамыз аралығында өткізіледі.

ІІ КЕЗЕҢ


БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 16-25 шілде аралығында қабылданады.


Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 5-10 тамыз аралығында қабылданады.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін келесі құжаттар қабылданады:
- белгіленген үлгідегі бланкте өтініш;
- аттестат немесе диплом қосымшасымен (түпнұсқа);
- ҰБТ электрондық сертификаты;
- 3х4 фотосурет 6 дана;
- жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
- жеке іс папкасы;
- конверт.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына 6 мамыр мен 30 маусым аралығындағы кезеңде өткізілетін ҰБТ тапсырған оқуға түсушілер ғана қатыса алады.

Білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын Комиссия өткізеді.


Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша:
ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл;
басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша және (немесе) әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алу қажет.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады. Білім беру бағдарламалары тобына бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет