Биоалуантүрлілік. «Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар»



Дата27.04.2022
өлшемі15,26 Kb.
#141176
Байланысты:
9-сынып емтиханға 29.03.
32231999 (1), соч 9 класс 4 четвр, inbound3862178102731671683, Ата аналар жылдык жоспар балдәурен-1

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні:ғаламтор мақаласынан үзінді

Биоалуантүрлілік. «Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар»

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің соңғы арнаулы мəліметі бойынша (5 маусым), өлген ақбөкендер саны 134 252 бас, бұл Бетпақдала популяциясының 62% жəне ақбөкендердің дүние жүзілік қорының шамамен жартысы. Қырылған аңдардың көпшілігі ақбөкендер төлдейтін жерлерде болған. Əсіресе, аналықтар мен олардың лақтары көп өлімге ұшыраған. Бұл жағдайда, жаппай қырылған жануарлардың өлекселерін жинаған адамдар мен экспертиза үшін анализ алған мамандар жұмыстарының сондай қиын болғанын түсінеміз.


Ақбөкен – байтақ даламыздың таңғажайып түр тағысы, сондықтан да халқымыздың аялы алақаны мен жүрек жылуын қажет етері де анық.
Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» ендiрдi. Және сол жылы жан-жануарларды қорғау мақсатында бюджеттен 200 миллион қаржы бөлдi. Алдағы уақытта қаржыны 270 миллионға жеткiзiп отыр.
Ежелден-ақ халқымыздың сүйіспен¬шілігіне бөленген сахараның ботакөзі атанған киесі бар киікті (ақбөкенді) аялы алақанмен аялай білейік! (120 сөз)


Ә мәтіні:ғаламтор мақаласынан үзінді

«Құралайдың салқыны»

Ақбөкен- ашық кеңістіктің типтік жануары. Қорек пен су іздеу барысында үлкен арақашықтықты жүгіріп өтеді. Ақбөкеннің тұлғасы жуан, тығыз, ал аяқтары жіңішке.

Ақбөкенді қазақтар «киелі» деп атайды. Киелі аң деп қастерлейтін осы сұлу жаратылыстың шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік ететіні белгілі. Олар ауа райына, жайылымның жағдайына байланысты қоныстарын ауыстырып отырады. Киіктердің арнайы түрде лақтайтын, өрістейтін тұрақты жері, сол өңірге жыл сайын жылы жақтан келіп, кері қайтатын арнайы жолы да болады.

Бір ғажабы, ақбөкендер табиғат тамыршысы секілді қыстың қарлы боранды болатынын, көктемнің кеш туатынын алдын-ала болжап біледі. Өздері де соған сәйкес тіршілік етеді. Мамыр айының шамамен он төрті мен жиырма сегізі аралығында 2-3 күнге ғана соғылатын қатты желді халық даналары «Құралай салқыны» дейді.

Киіктер төлдейтін кезде бетпақдалада шыбын-шіркейді шығартпайтын суық болады екен. Мұны қазақта «құралайдың салқыны» деп атайды. Сол кезде қасқырдың киікке деген тәбеті де тыйылады екен.

Ел арасында ақбөкенді атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанымен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады.

(166 сөз)




Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Қызыл кітапқа» енген жануарлар – биоалуантүрліліктің жүрегі» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 100-150 сөз болуы қажет.​

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет