Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі д. Серікбаев атындағы шығЫС



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата23.02.2022
өлшемі434,21 Kb.
#132988
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Программа ТВ ЭКЗ 2021 каз

 
 
 



Мазмұны 
 
 
1 Жалпы ережелер 

2 Шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі 

3 Емтиханға қойылатын талаптар 

 
 



1. Жалпы ережелер 
 
1. Шығармашылық емтихандар (бұдан әрі – шығармашылық емтихандар) 
шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларына (ББ) 
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға (бұдан әрі-шығармашылық білім беру 
бағдарламалары) түсетін тұлғалар үшін өткізіледі): 
«Сәулет» ББ; 
«Сәулет ортасының дизайны» ББ.
2. Шығармашылық емтихандардың мақсаты – үміткерлердің 
шығармашылық қабілеттерін және шығармашылық бағдарлау кәсібін 
игерудің жеке алғышарттарын тексеру.
3. Шығармашылық емтихандарды университеттің қабылдау және 
емтихан комиссиялары өткізеді.
4. Әр ББ үшін шығармашылық емтихандар саны екіге тең: 
ББ тобының атауы 
ББ атауы 
1-шығармашылық 
емтихан 
2- шығармашылық 
емтихан 
В073 Сәулет 
6B07301 - Сәулет 
Сурет 
Сызу
6B07313 - 
Сәулет 
ортасының дизайны
Сурет
Сызу
5. Шығармашылық емтиханға өтініштерді қабылдау күнтізбелік 
жылдың 20 маусымы мен 07 шілдесі аралығында жүзеге асырылады. 
Шығармашылық емтихан күнтізбенің 08 шілдесі мен 13 шілдесі 
аралығында өтеді. 
6. Шығармашылық емтихандардың нысаны мен мазмұны Бағдарламаға 
сәйкес анықталады. 
7. Шығармашылық емтихандарды өткізу үшін басқарма төрағасы-
ректор - қабылдау комиссиясының төрағасы бұйрығымен бекітілген емтихан 
комиссиялары құрылады. Емтихан комиссиясының қызметіне кеңес жүргізу 
және емтихан құжаттарын бағалау кіреді. Шығармашылық емтихандарды 
ұйымдастыруды және олардың өтуін бақылауды университеттің қабылдау 
комиссиясының мүшелері жүзеге асырады. 
8. Шығармашылық емтихандардың кестесін (емтиханды өткізу нысаны, 
күні, уақыты мен орны, кеңес беру, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау 
комиссиясының төрағасы бекітеді және оқуға түсушілердің назарына 
құжаттарды қабылдау басталғанға дейін жеткізіледі және университет 
сайтында жарияланады. 
9. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі 
білімі туралы құжаттары бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық 
емтихандар 45 балдық жүйе бойынша бағаланады.
10. Шығармашылық емтихан тапсыруды талап ететін жоғары білімнің 
білім 
беру 
бағдарламаларына 
түсуге 
үміткерлер 
шығармашылық 
емтихандарды тапсыру үшін университеттің қабылдау комиссиясына келесі 
құжаттарды ұсынады: 



1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі 
білім туралы құжат (түпнұсқа); 
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 
3) ҰБТ сертификаты (бар болса). 
11. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау 
ведомосімен, комиссия хаттамасымен еркін нысанда ресімделеді және 
нәтижелерді жариялау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына 
(оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және қатысып 
отырған барлық комиссия мүшелері қол қояды. 
12. Шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні 
жарияланады. 
13. Бірінші шығармашылық емтиханда белгіленген балл санынан кем 
алған талапкерлер келесі емтиханға жіберілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет