7
33. Емтихандарды өткізу кезеңінде шығармашылық емтиханға
қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды
тапсырушы адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында құрамы төрағасын
қоса алғанда, мүшелердің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссия
құрылады.
34. Апелляциялық комиссиялар шығармашылық емтихан нәтижелерімен
келіспеген адамдардың өтініштерін қарау үшін құрылады. Апелляциялық
комиссияның төрағасы мен құрамы ЖОО басқарма төрағасы - ректор
бұйрығымен бекітіледі.
35. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына
шығармашылық емтихан тапсырған адам өзі береді, шығармашылық емтихан
нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылдайды
және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды.
36. Апелляциялық комиссия әрбір тұлғамен жеке тәртіппен жұмыс
істейді. Талапкер апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда
оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
37. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының
кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Шығармашылық емтихан
нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция жөніндегі шешім қатысып отырған
Комиссия
мүшелері
санының
көпшілік
даусымен
қабылданады.
Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда
төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның
жұмысы төраға және қатысып отырған комиссияның барлық мүшелері қол
қоятын хаттамамен ресімделеді.
38. Университеттің қабылдау комиссиясы шығармашылық емтихан
аяқталған күні оқуға түсушілердің шығармашылық емтиханының нәтижелерін
Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіне береді.
Достарыңызбен бөлісу: