Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т


«Қаржылық  талдау»  пәнінің  мақсаты



Pdf көрінісі
бет18/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
«Қаржылық  талдау»  пәнінің  мақсаты  -  болашақ  мамандарға 
нарықтық  қатынас  жағдайында  кәсіпорын  қызметіннің  қаржылық  және 


 
35 
басқару  талдаудың  теориялық  және  әдістемелік  негіздерін  оқып  үйрету; 
кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарлату резервтерін анықтау; кәсіпорын 
қызметін жақсартуға бағытталған оптималды басқару шешімдерін қабылдау 
мақсатында қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. 
Өнідірісті  басқару  жүйесінің  басты  функциясын  жоспарлау  атқарады. 
Оның  негізгі  мақсаты  кәсіпорын  қызметні  жоспарлау.  Өнім  көлемін 
жоспарлау, қаржылық нәтижені болжау үшін маңызы зор болып келеді. Есеп 
функциясы  өндірісті  басқаруға  байланысты  деректерді  жинақтау,  жүйелеу, 
қортындылау  үшін  қажет  және  де  қаржылық  басқару  талдауға  негіз  болып 
табылады.  Талдау  өндірісті  басқару  бойынша  резервтерді  анықтау  арқылы 
басқару  шешімдерін  қабылдауға  және  олардың  тиімділігін  арттыруға 
мүмкіндік береді. 
Экономикалық  талдау  -  бұл  оларды  құрамды  бөліктерге  бөле  отырып, 
неше  түрлі  байланыстар  мен  тәуелділіктерін  зерттеуге  негізделген, 
экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін танудың ғылыми тәсілі. 
Әлемдік,  ұлттық  экономика  және  оның  кейбір  салалары  деңгейіндегі 
экономикалық  құбылыстар  мен  процестерді  зерттейтін  макроэкономикалык 
талдау, және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің деңгейіндегі 
экономикалық  құбылыстар  мен  процестерді  зерттейтін  микроэкономикалық 
талдау деп бөлінеді. Соңғысы «шаруашылық қызметті талдау» (ШҚТ) деген 
атау алған. 
Экономикалық талдаудың экономикалық құбылыстар мен процестердің 
мәнін  тану  құралы  ретінде  пайда  болуын  бухгалтерлік  есеп  пен  баланс 
жүргізудің  пайда  болуымен  және  дамуымен  байланыстырады.  Алайда  ол 
өзінің  теоретикалық  және  практикалық  дамуын  нарықтық  қатынастардың 
дамуы  кезеңінде,  атап  айтқанда  XIX  ғ.  екінші  жартысында  алды. 
Шаруашылық  қызметті  талдаудың  айрықша  арнайы  білім  саласына  бөлінуі 
кейінірек - XX ғ. бірінші жартысында болды. 
Шаруашылық  қызметін  талдау  мазмұны  кәсіпорынды  басқару 
жүйесіндегі  ортаңғы  орындардың  бірінде  тұрған  оның  атқаратын  рөлі  мен 
қызметінен  туындайды.  Басқару  жүйесі  мынандай  өзара  байланысты 
қызметтерден тұрады: шаруашылық қызметті жоспарлау, есеп және бақылау, 
талдау және басқару шешімдерін қабылдау. 
Жоспарлаудың 
көмегімен 
кәсіпорынның, 
оның 
құрылымдық 
бөлімшелерінің және кейбір жұмыскерлер қызметтерінің негізгі бағыты мен 
мазмұны анықталады. Оның басты міндеті кәсіпорын дамуының және оның 
әрбір  мүшесінің  қызметінің  жоспарлануын,  өндірістің  соңғы  ең  жақсы 
нәтижелеріне жету жолдарын анықтауды қамтамасыз ету болып табылады. 
 
 
 
 
 
 


 
36 
 
Ресурстар___ 
Басқарылатын жүйе 
(жабдықтау, өндірістік өткізу, инвестициялық, 
маркетингтік және басқа да қызметтер) 
 
Өнімдер мен 
қызметтер 
 
 
Басқаратын жүйе 
 
Жоспарлау 
 
Есеп 
және 
бақылау 
 
 
Талдау 
 
Басқару шешімдерін 
қабылдау 
 
 
1-сурет. Басқару жүйесіндегі экономикалық талдаудың орны 
 
Өндірісті  басқару  үшін  өндірістік  процес  пен  жоспардың  орындалу 
барысы  туралы  толық  және дұрыс  ақпарат болуы  тиіс.  Сондықтан  өндірісті 
басқару функциясының бірі, өндірісті басқаруға және жоспар мен өндірістік 
процестердің барысын бақылауға қажетті ақпараттарды жинауды, жүйелеуді 
және жинақтауды қамтамасыз ететін есеп болып табылады. 
Шаруашылық  қызметті  талдау  есеп  пен  басқару  шешімдерін 
қабылдаудың  арасындағы  байланыстырушы  тізбек  болып  табылады.  Бұл 
процесте  оның  есептік  ақпараты  талдамалы  өңделуден  өтеді:  қызметтің  қол 
жеткен 
нәтижелерін 
өткен 
уақыт 
ішіндегі 
деректермен, 
басқа 
кәсіпорьшдардың  және  орташа  салалық  көрсеткіштермен  салыстыру 
жүргізіледі;  сан  алуан  факторлардың  шаруашылық  қызметтің  нәтижесіне 
әсері  анықталады;  кемшіліктер,  қателіктер,  пайдаланылмай  қалған 
мүмкіндіктер,  келешектегі  жоспарлар  және  т.б.  айқындалады.  ШҚТ 
көмегімен ақпаратты саралауға, түсінуге қол жеткізіледі. Талдау нәтижелері 
негізінде  басқару  шешімдері  әзірленеді  және  негізделеді.  Экономикалық 
талдау шешімдер мен әрекекттердің алдында жүреді, оларды негіздейді және 
өндіріске ғылыми басшылық жасау негізі болып табылады, оның тиімділігін 
арттырады. 
Демек,  экономикалық  талдауды  басқару  шешімдерін  ғылыми  негіздеу 
және  оңтайлаңдыру  үшін  қажетті  деректерді  дайындау  бойынша  қызмет 
ретінде қарастыруға болады. 
Шаруашылық  қызметін  талдауды  басқару  қызметі  ретінде  өндірісті 
жоспарлаумен  және  болжаумен  тығыз  байланысты  болады,  өйткені  терең 
талдаусыз бұл қызметтерді жүзеге асыру мүмкін емес. Жоспарлауда, сапаны 
бағалау  мен  жоспарлы  көрсеткіштердің  негізділігіне  арналған  ақпараттарды 
дайындауда, жоспардың орындалуын тексеру мен бағалаудағы шаруашылық 
қызметті  талдау  рөлі  өте  маңызды.  Кәсіпорын  үшін  жоспарды  бекіту,  шын 
мәнінде,  алдағы  жоспарланған  уақыт  ішінде  өндірістің  дамуын  қамтамасыз 
ететін шешімдерді қабылдауды білдіреді. Бұл кезде алдыңғы жоспарлардың 
орындалу  нәтижелері  ескеріледі,  кәсіпорынның  даму  тенденциясы 
зерттеледі,  өндірістің  қосымша  резевтері  қарастырылып,  есепке  алынады.  
Шаруашылық  қызметті  талдау  тек  жоспарды  негіздеу  құралы  ғана  емес, 


 
37 
сонымен  қатар  олардың  орындалуын  бақылау  құралы  болып  табылады. 
Жоспарлау  кәсіпорын  жұмысының  нәтижесін  талдаудан  басталады  және 
сонымен  аяқталады,  бұл  жоспарлау  деңгейін  арттыруға,  оны  ғылыми 
тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді. 
Талдаудың бұл қызметі - жоспардың орындалуын бақылау және соларды 
негіздеу  үшін  ақпараттар  дайындау  тұрғысынан  -  әлсіремейді,  керісінше 
нарыктық  экономикада  күшейе  түседі,  өйткені  сыртқы  ортаның  белгісіздігі 
және  өзгергіштігі  жағдайында  ағымдағы  және  алдағы  жоспарларды  шұғыл 
реттеп отыру қажет болады. Үнемі өзгеріп отыратын сыртқы орта жоспарлау 
процесінің  үздіксіз  болғанын  талап  етеді.  Жоспарлау  бойынша  менеджер 
әрбір  жағдайдың  өзгеруін  бағалай,  талдай  білуі  және  кәсіпорын  жоспарына 
шұғыл түрде түзетулер енгізіп отыруы керек. 
Өндіріс  тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау  мен  пайдалануды 
талдауға  айрықша  орын  беріледі.  Бұл  ресурстарды  ұтымды,  үнемді 
пайдалануға,  алдыңғы  қатарлы  тәжірибені  анықтап,  енгізуге,  еңбекті,  жаңа 
техника мен өндіріс технологиясын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға, артық 
шығындар мен жұмыстағы кемшіліктерді болдырмауға және т.б. ықпал етеді. 
Осының  нәтижесінде  кәсіпорынның  экономикасы  нығаяды,  қызметінің 
тиімділігі артады. 
Соныменен,  шаруашылық  қызметті  талдау  өндірісті  басқару 
жүйесіндегі  маңызды  элемент,  ішкі  шаруашылық  резервтерді  анықтаудың 
құралы,  ғылыми  негізделген  жоспарлар  мен  басқару  шешімдерін  әзірлеу 
негізі болып табылады. 
Талдаудың  кәсіпорынды  басқару  құралы  ретіндегі  рөлі  қазіргі  кезде 
артып келеді. Бұл әртүрлі мән-жайлардан туындап отыр: 
-  шикізаттың  жетіспеушілігі  мен  құнының  артуына,  өндірістің  ғылымды 
және капиталды көп қажет етуіне байланысты өндіріс тиімділігін толассыз 
арттыру қажеттігінен; 
-  басқарудың  әкімшілік  жүйесінен  кету  және  нарықтық  қатынастарға 
біртіндеп көшуден; 
-  меншікті  мемлекет  иелігінен  алу,  кәсіпорындарды  жекешелендіру  мен 
экономикалық  реформаның  басқа  да  шараларына  байланысты 
шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын құрудан. 
Осындай  жағдайларда  кәсіпорын  басшысы  тек  өзінің  түйсігіне  және 
ойындағы  пайымдауларына  ғана  арқа  сүйей  алмайды.  Басқару  шешімдері 
мен  іс-әрекет  дәл  есептеулерге,  терең  және  жан-жақты  экономикалық 
талдауларға  негізделуі  тиіс.  Бірде-бір  ұйымдастыру,  техникалық  жэне 
технологиялық  шаралар  соның  экономикалық  дұрыстығы  негізделмейінше 
жүзеге  асырылмауы  тиіс.  ШҚТ  рөлін  дұрыс  бағаламау,  жоспардағы  және 
басқару  шешіміндегі  қателіктер  қазіргі  кезде  бірқатар  шығындарға  душар 
етеді  және  керісінше,  ШҚТ  байыппен  қарайтын  кәсіпорындар  жақсы 
нәтижеге, жоғары экономикалық тиімділікке жетеді ( Савицкая Г.В.,2003 ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет