Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т



Pdf көрінісі
бет19/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
 
 
 


 
38 
2.2  Қаржылық  талдау  жұмысын  ұйымдастырудың  негізгі  кезеңдері 
мен әдістері 
 
Кәсіпорындардың  шаруашылық  қызметіне  талдау  жасаудың  тиімділігі 
едәуір  дәрежеде  бұл  жұмыстың  дұрыс  жоспарланып,  дұрыс  өткізілуіне 
байланысты. 
Талдау жұмысының ұйымдастырылуы экономикалық талдаудың алдына 
қойылған  міндеттерден  туындайды.  Талдау  жұмысын  ұйымдастыруды 
мынадай негізгі кезеңдерге саралауға болады: 
1. Талдау жұмысының жоспарын жасау; 
2. Экономикалық талдау үшін қажетті материалдарды дайындау; 
3.  Маңызды  шаруашылық  факторларының  жоспардың  сан  және  сапа 
көрсеткіштері бойынша орындалуына жасайтын ықпалын зерттеу. 
4.  Кәсіпорынның  жұмысына  қорытыңды  баға  беру  және  талдау  жасап, 
зерттеудің нәтижелін қорытындылау; 
5.  Талдау  нәтижелерінің  жүзеге  асырылуын  және  ұсынылған 
шаралардың енгізілуін бақылау. 
Талдау  жұмысына  кірісерден  бұрын  оны  ұйымдастыру  мен  жүргізу 
жоспарын  жасау  қажет.  Нақты  жоспар  талдаудың  мақсатына,  шаруашылық 
құбылыстарды зерттеу жүргізілетін жағдайларға және оның нәтижелерінің іс 
жүзінде қолданылуына қарай анықталады. 
Материалдарды  талдауға  әзірлеу  информацияны  іріктеп  алудан, 
анықтығын  тексеруден,  талдау  тұрғысынан  өндеуден,  қосымша  негізден 
тұрады. 
Талдау қорытындылары бойынша белгіленген шаралардың орындалуын 
жүйелі  түрде  бақылап,  тексеріп  отыру  талдау  жұмысын  ұйымдастырудың 
құрамдас бір бөлігі болып табылады. 
Экономикалық  талдау  ең  алдымен  жоспарлау-экономикалық,  еңбекті 
ұйымдастыру және жалақы, бухгалтерия, қаржы және басқа бөлімдері сияқты 
экономикалық бөлімдердің міндетіне жатады. 
Талдау  әдістері  дегеніміз-талдаудың  мазмұнын,міндеттері  мен  негізгі 
методологиялық  позицияларын  негізге  алып,  талдаудың  теориясы  мен 
практикасы  белгілеген  және  одан  әрі  белгілеп  жатқан  кәсіпорынның 
шаруашылық қызметіне талдау жасағанда қолданылатын әдістер. 
Шаруашылық  қызметке  талдау  жасау  процесінде  салыстыру  әдісі 
мынадай  түрлерде:  жоспармен  салыстыру,  өткен  жылмен,  ең  жақсы  орташа 
деректермен  салыстыру  түрлерінде  қолданылады.  Кәсіпорынның  бірінші 
міндеті  жоспарлық  тапсырмаларды  орындау  болғандықтан  әрине,  талдау 
есепті  мәліметтерді  жоспарлық  мәліметтермен  салыстырудан  бастайды. 
Мұның  өзі  кәсіпорынның  мемлекеттік  жоспарды  орындау  жөніндегі 
қызметін бағалауға мүмкіндік береді. 
Жоспармен  салыстыру  түрі  мен  қатар  экономикалық  талдауда  өткең 
кезеңмен  салыстыру  түрі  кеңінен  қолданылады.  Мұның  өзі  шаруашылық 
көрсеткіштерін  бүгінгісін  кешегімен,  өткен  он  күндіктегісін  мұның 
алдыңдағымен, ағымдағы айлық, тоқсандық, жылдық көрсеткіштерді мұның 


 
39 
алдындағы  осындай  кезеңдегілермен  салыстыру,  ағымдағы  бесжылдықтың 
көрсеткіштерін мұның алдындағымен салыстырады. 
Салыстырудағы  мақсат-жағымды  факторлардың  арту,  жағымсыз 
факторлардың  кему  дәрежесін  анықтау,  талданып  отырған  кезеңдегі  даму 
қарқынына, жоспардың қауырттығына баға беру. 
Кәсіпорынның шаруашылықты жүргізудің мінсіз жағдайда қалай жұмыс 
істейтінің  көрсететін  экономикалық  үлгімен  салыстырудағы  мақсат-
кәсіпорынның ресурстарды пайдалану мен шаруашылықты тиімді жүргізудің 
теориялық  тұрғыдан  мүмкін  болатын  ең  биік  деңгейіне  қаншалық  шамада 
жақындағанын  анықтау.  Талдаудың  қазіргі  кездегі  практикасында 
салыстырудың  бұл  түрі  комплексті  түрде  қолданылмай,  жекелеген 
көрсеткіштер бойынша қолданылады. 
Экономикалық  талдауда  талдау  әдістерімен  қатар  бухгалтерлік, 
статистикалық және математикалық әдістер кеңінен қолданылады. 
Ғылыми тілде «Әдіс» дегеніміз - пәнді зерттеудің жолы болып табылады. 
Экономикалық 
талдау 
пәнінің 
философия 
бойынша 
танымның 
диалектикалық  әдістеріне  негізделеді.  Материалистік  диалектика  бойынша 
барлық  құбылыстар  мен  процесстер  қозғалыста,  өзгерісте,  даму  фазасында 
болады. Сондықтан экономикалық талдау әдістерінің бағыты құбылыстарды 
салыстыруға негізделген. 
Салыстыру  әдісі  кәсіпорынның  қызметінің  нақты  нәтижелері,  алдыңғы 
жылдардағы  нәтижелермен  салыстырылады.  Экономикалық  талдау  пәнінің 
әдістемесінің  ерекшелігі,  ол  талдауға  себептерді  анықтаумен  қатар, 
құбылыстарға  сандық  сипаттама  беріп,  факторлардың  нәтижеге  әсерін 
анықтайды. 
х – факторлар 
у – нәтиже 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет