Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т



Pdf көрінісі
бет63/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
Материалдық 
ресурстардың 
шығындарының 
нормасының 
төмендетілуін талдау. 
Өндірістегі  өнім  шығындарының  басты  үш  негізгі  элементтері  бар: 
негізгі материалдар, тікелей еңбек ақы шығындары, жанама шығындар. 
Қазіргі  кездегі  өндірістік  ортада  шаруашылық  етуші  субъектілер  көп 
бөлшектер  мен  өлшеуіштерді  қажет  ететін,  кең  ассортиментті  өніидер 
өндіреді.  Сондықтан  материалдық  ресурстарды  талдау  мәселелері  кешенді 
мәселелер болып табылады. 
Материалдық  ресурстарды  басқарудың  басты  мақсаты:  шикізаттан 
дайын  өнімге  дейін  -  қорлардың  барлық  түрлеріне  капиталды  жұмсаудың 
оптимальды  деңгейін    анықтау  және  шаруашылыққа  қажет  деңгейдегі 
мөлшерін  ұстау  болып  табылады.  Материалдық  ресурстардың  оптимальды 
деңгейін  белгілеу  кезінде  тұтынушылар  сұраныс  пен  өндіріс  мұқтаждарын 
жеткілікті дәрежеде қанағаттандыру үшін, аталған деңгейді қадағалап отыру 
керек.  Осымен  қатар,  жұмсалған  қаражаттардың  тиімділігін  және  олардың 
басқа да тиімді пайдалану жолдарын іздестірген жөн. 
Материалдық  қорларды  бағалау  -  босатылған  қорлардың  бағалаудың 
анықтамасы екі мақсатқа қызмет етеді: 
-  Қорларды  бағалау  мен  табысты  есептен  шығару  үшін  қаржылық  есеп 
беруінде  материалдардың  өткен  жылғы  шығындарына,  олардың  жұмсалған 
бағыттарына  шолу  жасалады.  Сосын  олар  сатылған  өнімнің  өзіндік  құнына 
енеді, ал сатылмаған өнімнің қорлары да бағалаудың бір бөлігін құрайды. 
-  Өнімге  баға  белгілеу  және  шешім  қабылдау  үшін  болашақ  кезеңдегі 
материалдар шығындары болжанады. 
Сыртқы  есеп  берулердің  мақсатын  өткен  кезең  негізіндегі  шығындар 
әдісі  қанағаттандырады.  Материалдар  екі  өлшеммен  жүргізіледі:  ақшалай 
және заттай.  
Сандық  есеп  осы  материалдарға  тиесілі  өлшем  бірлігінде  жүргізіледі, 
яғни  қоймадағы  карточка  жазулары  бойынша  материалдардың  есебін 
жүргізуге  болады,  яғни  қаншасы  босатылғанын  және  қаншасы  қалғанын, 
демек түгендеу жүргізбей-ақ көруге болады. Бұл жағдайда түгендеу тек қана 
нақты қалдықты есеп мәліметтерімен салыстыру үшін қажет. 
Сомалық  есеп  біртұтас  ақша  өлшемінде  –  валюта  есебінде  жүргізіледі. 
Сомалық есеп әр түрлі әдістемелерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл кезде 
есеп  әдістемесін  таңдау  қаржылық  нәтижелерге  мәнді  ықпал  етуі  керек. 
Материалдардың  қозғалысы  жүйелі  түрде  бірдей  жүргізілгенімен,  олардың 


 
124 
сомалық  есептелуінде  әр  түрлі  әдістеме  қолданса,  онда  олар  қарама-қарсы 
нәтиже  беруі  мүмкін.  Бұл,  инфляция  кезінде  бір  әдістемелер 
компенсацияланса, ал ол басқаларының әсерімен шиеленісуі мүмкін. 
Дәлелденген есеп – материалдар қозғалысының абсолютті дәл есеп әдісі 
болып  табылады.  Бұл  кезде  сомалық  есептің  нәтижесіне  әр  түрлі  партияда 
келіп  түскен  материалдардың  көлемі  де,  сақтау  орны  да,  әр  түрлі  болса  да 
әсер  етпейді.  Бұл  жағдайда  есептік  баға  –  сатып  алудың  да  нақты  бағасы 
болып танылады. Жеке әрбір материалға инвентарлық нөмір беріледі, ал бұл 
бір мағыналы материалды ажыратуға мүмкіндік береді. 
Өкінішке орай, бұндай дәлелденген есеп жүйесі ешбір елде кездеспейді, 
ал бұл үлкен салалы кәсіпорындарда күрделі мәселенің бірі ретінде саналады, 
оның әр түрлі себептері бар. Көптеген жағдайда кезеңдегі нақты дайындалған 
бағаның орташа өлшенген деңгейі алынады. Олардың екі түрі бар: 
- Үнемі әрбір түскен материалдар бойынша қайта есептеліп отыратын орташа 
өлшенген баға; 
- Тек кезеңдер бойынша есептелінетін орташа өлшенген баға. 
Өндіріске  босатылған  материалдардың  есептеу  жолымен  шығарылатын 
есептік  бағалау  әдісі  –  жуық  есеп  әдісі  болып  табылады.Есептің  оперативті 
әдісі  кезінде  барлық  есептеулер  кіріс  пен  шығыс  операцияларын  жасаудың 
нақты уақытында жүргізіледі. 
Орташа  баға  әдісі  –  материалды  кіріске  алғанда  егер  оның  параметры 
бірдей  болса,  онда  ол  бір  ғана  инвентарлық  карточкада  есепке  алынады. 
Партиялар  бойынша  есеп  жүргізілмейді,  жаңадан  келіп  түскен  материалдар 
бұрындары  келіп  түскендермен  біріктіріліп  ортақ  бағасы  алынады. 
Нәтижесінде  материалдарды  өндіріске  жібергенде  бір  есептік  бағада  бір 
партия  болады  –  материалдардың  жалпы  құнын  жалпы  мөлшеріне  бөлумен 
анықталады, бірақ сақтау орыны ескеріледі, есептік формулада болған әрбір 
өзгеріс міндетті түрде сақтау индексімен толықтырылады. 
Бағалар  бойынша  шикізат  пен  материалдарды  бағалайтын  болсақ,  онда 
міндетті  түрде  олардың  – баға  айырмысы  айқындала  түседі,  сондықтан осы 
айырманы  не  қоймаға  келіп  түскен  материалдарға,  не  ерекше  шоттарға 
жатқызады  алынған  бағалардан  ауытқуын  әр  тоқсанның  соңында 
жауапкершілік орталықтарының шығындарына жатқызады. 
Осындай  мәселелерге  көңіл  бөлмеудің  салдарынан,  оларда  салық 
жүйесінің  үйлесімділігі  бұзылады,  нәтижесінде  айыппұл  төлеуіне  тура 
келеді. 
Материалдық  қорларды  бағалау  кезінде,  жабдықтаушылар  мен  сатып 
алушылардың 
арасындағы 
келісім-шарт 
кезінде 
төленетін 
көлік 
шығындарының 
деңгейін 
анықтауға 
болады, 
бірақта 
зерттеулер 
көрсеткендей, өндірістік есепте қорлар құнын бағалау өте маңызды, өйткені 
одан  сатылған  тауарлардың  өзіндік  құндары  және  сондай-ақ  есепті  кезең 
табыстары тәуелді. 
Қорлар  құнының  өзгерісі,  жалпы  табыстың  сомасында  көрсетілмеуі 
мүмкін, одан басқа, баланста  көрсетілген барлық қорлар құны, айналымдық 
ресурстарының сомасына да әсер етуі мүмкін. 


 
125 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет