Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т



Pdf көрінісі
бет60/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
мш
>1 
жоғары  болса,  онда  кәсіпорындағы  материалды 
ресурстардың артық жұмсалғандығын көрсетеді, ал  К
мш
<1 төмен болса, онда 
материалды ресурстар тиімді пайдаланылғандығын анықтайды. 
Материалды  ресурстарды  тиімді  пайдаланудың  басты  мақсаты  - 
өндірілген өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Материалды ресурстар 
неғұрлым  тиімді  пайдаланылса,  өнімнің  өзіндік  құны  төмендейді.  Демек, 
өнім көлемі жоғарлайды. 
Материалдық ресурстардың міндеттері. 
Өндіріс  процесінде  өнім  өндіру  және  қызмет  көрсету  үшін  керекті 
жағдайлардың  бірі  –  еңбек  заттары.  Олардың  өндіріс  құралдарынан 
өзгешелігі,  өндіріс  құралы  өндіріс  процесіне  ұзақ  уақыт  қатысып,  өздерінің 
табиғи  пішінін  сақтай  отырып,  өндірілетін  өнімге  өз  құнының  бір  бөлігін 
қосып  отыратын  болса,  еңбек  заттары  өндірісте  пайдаланылған  кезде 
өздерінің  бастапқы  құнын  түгелдей  өндірілетін  өнімге  ауыстырылады. 
Шығарылатын  өнімнің,  атқарылатын  жұмыстың  өзіндік  құнының 
жартысынан артығы еңбек заттарынынан тұрады. 
Еңбек  заттары  өндірістік  қор  болып  табылады.  Материалдардық 
ресурстарды  түгел  және  тиімді  сақтау  және  ұтымды  пайдаланылуы, 
жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасауы қажет: 
-  Тиісті  түрде  жабдықталған  материалдық  құндылықтарды  сақтайтын 
қойма  немесе  бөлме  болуы  қажет  және  бөлмелердің  әрқайсысы 
материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек. 
-  Материалдар  қойманың  әр  бөлігінде  өздерінің  түрлері,  сорттары, 
өлшемдері  бойынша  керекті  кезенде  тез  алуға  және  босатқаннан  кейінгі 
кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастыруы керек. 
Шаруашылық  субъектісінің  әкімшілігі  материалдарды  сақтайтын  жерді 
таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды 
жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Сондай-ақ шаруашылық 
субъектісінің  басшысы  материалдарды  қабылдайтын  және  босататын 
адамдардың  топтарын    белгілеп,  олармен  материалдарға  жауапкершілік 
туралы  шарт  жасау  керек.  Материалдарға  жауапты  адамның  жұмысқа 
алынуы,  жұмыстан  босатылуы  алдын  ала  келісілуі  қажет.  Материалдарды 
кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған 
қызмет  иелерінің  тізімін  белгілеу  де  субъекті басшысының  немесе ол  сенім 
білдірген адамның жұмысы болып табылады. 
Материалдық ресурстарды дұрыс және ұтымды пайдалану үшін мыналар 
керек: 


 
119 
-  Материалдардың  бірыңғай  номенклатурасы  мен  жоспарлы  есеп 
айырысу бағасын белгілеу; 
- Құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке 
алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау; 
-  Бір  ыңғайланған  алғашқы  есеп  құжаттарының  формалар  түрлерін 
белгілеу  және  олармен  шаруашылық  субъектісінің  барлық  бөлімін 
қамтамасыз ету. 
Материалдарды  келешекте  пайдалану  үшін  сақтау,  басқа  жаққа  және 
өндіріске босату мен пайдалану мөлшерін белгілеп оларды жетілдіріп отыру 
керек.  Белгіленген  тәртіп  бойынша  материалдардың  қалдығын  жаппай 
түгендеу,  бақылау  арқылы  тексеріп  және  олардың  нәтижесін  дер  кезінде 
есепке  алып  отыру  қажет  етіледі,  яғни  еңбек  заттары  біртекті  емес  болып 
келеді,  олардың  атқаратын  міндеттеріне,  сондай-ақ  физикалық  және 
химиялық  қасиеттеріне  қарай  өзара  айырмашылықтары  бар.  Сондықтан  да 
материалдық ресурстарды дұрыс ұйымдастыру және тиімді пайдаланудың ең 
басты мәселесі оларға экономикалық жағынан дәлелденген болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет