Телефонды қалай пайдалану керек
Қонақ үйде болғанда, нөмірден нөмірге телефон соғу үшін бөлменің
нөмірін, егер ол төрт цифрдан тұрса, тікелей теріңіз. Егер бөлменің
нөмірі үш цифрдан тұрса, басында «0» -ді,
содан кейін бөлменің
нөмірін теріңдер.
Кез-келген қонақ үйден тыс нөмірге байланыс жасау үшін (сыртқы
байланыс жолы) «8»-ді теріңіз.
Түркияның ішінде қалааралық телефон соғу үшін, жергілікті кодты
және абоненттің нөмірін теріңіз.
Түркиядан басқа елге халықаралық телефон соғу үшін, ең алдымен
«07»-ні теріңдер де, халықаралық байланыс желісімен байланыстың
сигналы –
ұзақ гудок болғанша, бір секунд күтіңдер. Содан кейін
телефон соғып отырған
елдің халықаралық кодын, ары қарай
ондағы қаланың кодын (бірінші «0»-сіз)
және ақырында, абоненттің
нөмірін теріңдер.
Түркияның кез-келген ауданы бойынша ақпарат алу үшін «0»-ді,
содан соң қажет ауданның жергілікті кодын теріңіз
.